Жұлдызды жазбай таныңыз

    • Filled in News in Kazakh 28 Февраль 2010 в 3:36, author: Sake
    • Views: 2 683.

     

    Бағыт-бағдар берудің керегі де жоқ шығар.

    Суретке мұқият қарап, дұрыс жауабын өздеріңіз-ақ табасыздар деп ойлаймыз. Сонда да байырғы әдетімізден танбай, аз да болса жол көрсетуді жөн деп тауып отырмыз. Иә, бұл саңлақтың велошабандоз болғанын суреттен біліп отырсыздар. Атланта және Сидней Олимпиадаларына қатысқан, тіпті бертінге дейін велосипедтің ершігінен түспей, жарыс жолдарына шығып жүрген. Алайда бүгінде бұл саңлағымыз үлкен  спортпен қоштасқан. Бірақ басқа кәсіпке біржола кетпей, «Астана» велоклубының асқақтауына өз үлесін қосып жүр.

    shefer

    А) Александр Шефер
    Ә) Александр Антышев
    Б) Иван Санкер
    В) Николай Проскурин

    «Жұлдызды жазбай таныңыз» айдарының өткен жолғы санында Кеңес Одағы кезінде «Буревестник» волейбол командасын құрушылардың бірі болып, сол команда арқылы КСРО-ны ғана емес, бүкіл Еуропаны дүрліктірген майталман маман Октябрь Жарылғаповтың бозбала кезіндегі суретін бергенбіз. Айта кетейік, ішкі   додаларды былай қойғанда, Еуропа чемпиондары кубогын ұтып алған бұл команданың биік белестерді бағындыруына Октябрь Жарылғаповтың сіңірген еңбегі өлшеусіз еді. Дегенмен қазақ жанкүйерлерінің есінде Октябрь аға ойыншы ретінде емес, бапкер ретінде есте қалғаны шындық. Өкінішке қарай, Кеңес Одағының еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағын алған, Қазақстандағы алғашқы бапкер атанған дарабоз тұлғамыз бұл жалғанмен ерте қоштасқан еді.

    ozhar1zharylkapovo

    Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments 2 комментария

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание