Жерлесіміз жеңіс тұғырында
-
- Views: 2 484.
Велоспорттан 11 күнге созылған «Индонезия туры» аяқталды. Бұл көпкүндікке қазақстандық велошабандоз Андрей Мизуров та қатысып, қорытынды есепте алғашқы үштіктен орын алды.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінде жерлесіміз Иранның «Тебриз» мұнай-химия командасының сапында өнер көрсетіп жүр. «Индонезия туры» көпкүндігінде команда көшбасшысы Менди Сохрабидің басты көмекшісі қызметін атқарған Мизуров өзі де қарап қалған жоқ. Қорытынды есепте көшбасшысынан бақандай 5 минут 20 секундқа қалып қойса да, үздік үштіктің қатарынан ойып тұрып орын алды. Соңғы кезеңдік жарыста жерлесіміз тур жеңімпазы индонезиялық Ади Ахмад Жукардиден 45 секундқа қалып қойып, мәре сызығын 61-ші болып қиды. Ал осы көпкүндікке қатысып жатқан тағы бір жерлесіміз «Полигон Свит Найс» велоклубының өкілі Артем Головащенко соңғы кезеңде мәреге 31-ші болып жетіп, қорытынды есептегі жағдайын біршама түзеп алды. Үш саты жоғарылап, 57-орынға орналасты.
Айта кетейік, бүгінде Азияда ирандық «Тебриз» мұнай-химия велоклубының дәурені жүріп тұрған сияқты. Оның айғағы, Индонезияда өткен көпкүндікте осы ұжымның бес бірдей велошабандозы алғашқы бестіктен көрінді.
Арсен Жанаділ
-
Related Posts
-
-- enable recent posts plugin --
-
Leave a Reply