Вино UCI-дің алдында кешірім сұрай ма?
-
- Views: 3 083.
Бұл күндері Александр Винокуров Қазақстанда жүр. Бірақ 27 қазанда қайтадан Францияға ұшып кетеді. Өйткені 30 қазанда Саня UCI-дің алдында допинг «қолданғаны» үшін ресми түрде кешірім сұрауы тиіс.
Содан кейін ғана UCI басшыларының жаны тыныш табады.
– Өмір осымен тоқтап қалмайды ғой. Дегенмен өзім істемеген нәрсеге кешірім сұрау қиын екен. Амал жоқ, UCI-дің талабына бағынуға тура келеді, – деді бұл туралы Александр Винокуров. Ал Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті Николай Проскурин бұл туралы былай дейді:
– Иә, Саняға UCI-дің алдында кешірім сұрауға тура келеді. «Допинг қолданбағанымды білесіздер. Істемеген нәрсеме не үшін кешірім сұрауым керек?» деген екен. «Сонда да кешірім сұрайсың, егер спорттық ғұмырыңды жалғастырғың келсе!» – деп кесіп айтыпты UCI басшылары.Иә, бұл дегеніміз, Винокуров допинг қолданбаса да, «тыйым салынған дәрі-дәрмектерді қолданғаным үшін кешіріңіздер», – деп басын төмен салбыратады деген сөз. Қайтеміз, UCI осындай талап қойып отыр. Ал олардан асып ешқайда кете алмаймыз. Әттеген-айы: мәселенің байыбына бара бермейтін шетелдік БАҚ «Винокуров өзінің допинг қолданғанын мойындады», – деп әлемге жар салатын болды-ау!
-
Related Posts
-
-- enable recent posts plugin --
-
Leave a Reply