Вино мен «Джиро»

    • Filled in News in Kazakh 26 Май 2010 в 4:23, author: Sake
    • Views: 2 998.

    рhoto Bettini

    Атақты «Джиро д’Италия» велокөпкүндігінің  16-кезеңі аяқталды. Бұл күннің жарысы Сан Вигилио – План де Коронес аралығында өтті. Оның жалпы ұзындығы 12,9 шақырымды құрады. Аталмыш кезеңнің жеңімпаз жидесін итальяндық Стефано Гарцелли киді. «Джироның» басталғанынан «Астана» велокомандасының қарқыны жаман емес. Нақтырақ айтқанда қазақстандық Александр Винокуров бірнеше рет үздік атанған. Бұл күні Вино мәреге 8-ші болып келді. Ал, жалпы есепте Қазақстан велоспортының мақтанышы 7-сатыда тұрақтады. «Джиро д’Италия» көпкүндігінің 16-кезеңінің нәтижесі төмендегідей:

    1. Стефано Гарцелли (Италия, Acqua & Sapone) – 41,28

    2. Кэйдл Эванс (Австралия, BMC Racing Team) – 0,42

    3. Джон Гадрэ (Франция, AG2R) – 0,54

    4. Винченцо Нибали (Италия, Liquigas-Doimo) – 1,01

    5. Микеле Скарпони (Италия, Androni Giocattoli) – 1,07

    6. Иван Бассо (Италия, Liquigas-Doimo) – 1,10…

    8. Александр Винокуров (Қазақстан, «Астана») – 1,37

    Жалпы есеп:

    1. Давид Арройо Дуран – 68.32,26

    2. Иван Бассо – 2,27

    3. Ричи Порт – 2,36

    4. Кэйдл Эванс – 3,09

    5. Карлос Састре – 4,36

    6. Винченцо Нибали – 4,53

    7. Александр Винокуров – 5,12

    Ел спорты

    рhoto Bettini

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание