Веложарыс. Вуэльта. 9 кезең

    • Filled in News in Kazakh 7 Сентябрь 2010 в 5:01, author: Sake
    • Views: 2 375.

    Велоспорт тақырыбына ауыссақ. Қазір Испанияда «Вуэльта» велосайысының қызған шағы. Осы демалыста 9-шы кезеңі ұйымдастырылды. Соңғы меже 187 шақырымға созылды. Бұл қашықтықта Касс де Парн жейдесін киген Давид Лопестің жолы болды. Испан велошабандозының уақыты 5 сағат 20 минут 51 секундты құрады. Одан бүгінгі Ликигаздың, болашақ Астананың мүшесі Роман Крейзигер 6 секундқа кешігіп, екінші орынға ие болды. Катюша өкілі Джиампауло Карузо үздіктер үштігін түйіндеді. Оның отандасы, қазақстан клубының легионері Энрико Гаспортотто бұл бәсекеде 12-ші орынмен шектелді. Ол Лопестен 6 минутқа кешігіп мәре сызығын кесті. 9 кезеңнен кейін жалпы есепте Игорь Антон топ жарып келеді. Ал отандасымыз Александр Дьяченко әлі де 25-ші сатыда. Бүгін вуэльтада алғашқы демалыс күні.

    Асылхан Өмірбекұлы

    ҚазТРК

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание