Велобәйге. Вуэльтаның 7-ші кезеңі

    • Filled in News in Kazakh 6 Сентябрь 2010 в 6:19, author: Sake
    • Views: 2 107.

    Вуэльтаның 7-ші кезеңі Мурсия мен Орихуэл қалаларының арасын қосты. Қашықтық тура 187 шақырымды құрады.Бұл межеде Алессандро Петакки өзгелерден жылдамырақ болып шықты. «Астана» командасын мәреге Энрико Гаспаротто бастап келді. Ол сөреге 11-ші орында жетті. Лямпре велошабандозы бұл аралықты 4 сағат 36 минут 12 секундта жүріп өтті. Коламбия мүшесі Марк Кавендиш жеңіс тұғырының екінші сатысын місе тұтты. Хуан Хосе Хэдо «Саксо Банкқа» үшінші орнын сый етті. Гаспортто мен Алан Дэвис арасында 10 адам. Максим Иглинский межені 23-ші орында бағындырды. Жалпы есепте әлі де Филипп Жильбер алдыда.

    Асылхан Өмірбекұлы

    ҚазТРҚ

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание