«Тур де Франс» велобәйгесінің 4-ші кезеңі
-
- Views: 2 459.
«Тур де Франстың» 4-ші кезеңі – қысқа қашықтықтан құралды. Әлемнің үздік 22 велокомандасы бұл жолы 153 шақырымға жарысты. Камбре қаласынан Реймске жылжыған пелотон жолында аса биік көтерілімдер кездеспеді. Әдетте спортшыларға тежеу болатын жел де бұл жолы көтерілмеді. Сондықтан мәре алдында спринтерлік сайыстың орын алары әу бастан түсінікті еді. Алессандро Петтаки өзгелерден жылдамырақ болды. Италия велошабандозы биылғы франция бәсекесінде осымен 2-ші рет топ жарып отыр. Ал жалпы есепте 4-кезеңнен соң сары жейде иесі әлі де «Саксо Банк» өкілі Фабиан Канчеллара. Швейцариялықтан 1 минут 31 секундқа кешігіп келе жатқан Александр Винокуров 8-ші, ал Альберто Контадор 9-шы сатысын сақтап қалды.
Асылхан Өмірбекұлы
-
Related Posts
-
-- enable recent posts plugin --
-
Leave a Reply