Сүйінші! “Қазақ спорты” әр шаңырақта
-
- Views: 8 999.
Қазақ спортшылары мен спорт жанашырлары үшін, тіптен, қазақ оқырмандары үшін сүйінші хабар! Өткен сейсенбі Ұлыстың ұлы күні – қазақтың жаңа жылы қарсаңында қазақ баспасөзі «Қазақ спорты» газетімен толықты. Ескере кететін бір жайт, ай басында Республикалық «Спорт айдыны» газеті жабылған болатын.
Мінеки, аталмыш газет осы кемістіктің орнын толтырмақ. «Қазақ спорты» Қазақ елі үшін еселі еңбек етіп, бұрынғының мұрагері болары хақ. Газет аты затына сай қазақ тілінде ғана емес, қазақ елінің мүддесін де қозғайды һәм қорғайды. Оны алғашқы таралымы-ақ аңғартып тұр. Айталық, ел спортындағы кемістіктермен жетістіктерін таразыға салып, сын тезіне алатын – «Таразы», әлемді аузына қаратқан үздік спортшыларды үлгі-өнеге тұтарлық – «Топжарған», намысыңды қайрап, рухыңды жанитын – «Мен – қазақпын!» сынды айдарлары мен айдаршалары қазақ спортшыларын үкілеп бәйгеге қосатын сыңайлы. Іләйім солай болғай! Көтерген тақырыптары да талапқа сай. Тек қана жаңалықтармен шектеліп қалмай, қазақ спортындағы қомақты деген мәселелерді қаузапты. Газеттің бас редакторы белгілі журналист – Қыдырбек Рысбек.
Журналистика тек қана қоғамдық пікір қалыптастырушы ғана емес, оны қозғаушыда. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ еліне Қ. Түменбай ағамыздың сөзімен айтқанда: «Қазақ спортын қаламмен баптайтын» Сейдахмет Бердіқұлов сияқты спорт журналистері мен газеттері керек ақ. Ендігі үміт аталмыш газетте. Елі күткен үмітті ақтайды деген сенімдеміз. «Қазақ спорты» жаңалықтың жаршысы ғана болмай, қазақ спортының қамшысы да болғай!
Құрметолла МҰХАМЕТХАНҰЛЫ
-
Related Posts
-
-- enable recent posts plugin --
-
Comments 2 комментария
-
Leave a Reply
Интернетте сайты жоқ па екен?
sony men taba almadym i-net ashu ushun uakyt ketedi. tauip jatsam habarlarmyn!