Республикалық велотрек құрылысы желтоқсанда аяқталады
-
- Views: 4 575.
Жетінші қысқы Азиада ойындарының басталуына 145 күн қалды. Дүбірлі дода жақындаған сайын дайындық та қыза түсті. Астанада салынып жатқан спорт нысандарында құрылыс аяқталуға жақын. Мәселен, республикалық велотрек кешенінің қазір төбесі қапталып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Азия ойындары кезінде бұл спорт нысанында мәнерлеп сырғанау, шорт-тректен сайыстар өтеді. Жалпы, алып арена спортшыларды қабылдауға қаншалықты әзір? Біздің тілшілерміз кешен құрылысын көрді.
Бұл ғимараттың велотрек екені айтпаса да түсінікті. Өйткені төбесі велошабандоздардың бас киімі іспеттес. Мұндай форма жасау үшін құрылысшылар біраз тер төкті. Төбенің салмағы алты мың тоннаға жақын, ал аумағы 20 мың шаршы метрден асады. Қазір жұмысшылар шатырын жауып жатыр. Велотректің ішінде де жұмыс қызып тұр. Электр мамандары жарық өткізуде. Ал қыз-келіншектер ішін әрлеп, сыпырып-жуып жатыр. Ал мынау, спорт кешеннің басты бөлігі – велошабандоздардың аренасы. Азиада кезінде мұнда мұз айдыны жасалып, мәнерлеп сырғанаудан сайыс ұйымдастырылады. Сондықтан құрылысшылар осы аренаның сапалы, әрі уақытында салынуына бар күш-жігерін жұмсауда. Бірнеше метр биіктікте төбені сырлап жүрген Александр Лисицынның жұмысы оңай емес. Денсаулыққа қауіпті, үсті-басы сұр түске боялып қалады.Александр Лисицын, Өндіріс альпинисі
Қиын, бірақ өзіме ұнайды. Биіктікте өрмелеп жүрген өте қызықты.
Ал жоғарыда жұмыс істейтін, жалпы барлық құрылысшылардың өміріне инженерлер жауапты. Сондықтан техника қауіпсіздігінің сақталуын қатаң талап етеді. Ережені бұзғандар жазасыз қалмайды екен.
Танат Ұзақбаев, Техника қауіпсіздігі жөніндегі инженер
Бірінші талаптар защитный каска киіп жүру керек бәрі. Жоғарыда істеп жатқандардың бәрі монтажный пояс тағып жүру керек.
Берат Мұрати, «Республикалық велотрек» жобасының жетекшісі
Бұл спорт орталығында басты аренамен қоса, шағын футбол, баскетбол, волейболға арналған, тренажерлік залдар, фитнестер, екі бассейн, 155 адамға шақталған қонақүй, мейрамхана, дәмхана, кітапхана болады. Бір сөзбен айтқанда, спортпен айналысу, демалу үшін қажет орынның бәрі қарастырылған.
Жобаның жетекшілері велотректі әлемде теңдесі жоқ спорт кешені деп отыр. Ал қарапайым жұмысшылардың мұраты - құрылыс аяқталысымен осында жанкүйер ретінде келіп, сайыстарды тамашалау.
Альбина Әшімқызы
-
Related Posts
-
-- enable recent posts plugin --
-
Leave a Reply