Қазақ жігіті Армстронгтан озып кетті
-
- Views: 2 868.
Бұл күндері Испания жерінде «Мурсия аймағының вуэльтасы» бескүндігі өтіп жатыр.
Оған қазақстандық «Астана» велоклубының сапында Болат Райымбеков, Валентин Иглинский, Роман Киреев, Александр Дьяченко, Андрей Зейц, Хосеп Хуфре және Паоло Тиралонго сынды дүлділдер қатысуда.
Сондай-ақ бұл турнирге өткен жылы «Астананың» сапында өнер көрсеткен Лэнс Армстронг та келіпті. Алғашқы кезеңде «Тур де Франс» велобәйгесінің бірнеше дүркін жеңімпазы мәре сызығын 46-ыншы болып қиды. Ал кезең жеңімпазы болып 166,5 шақырымдық тас жолды 4 сағат 15 минут 40 секундтың ішінде жүріп өткен «Гармин-Слипстрим» командасының оңтүстікафрикалық майталманы Роберт Хантер атанды. Өз жігіттерімізге келер болсақ, жерлестерімізден ең үздік көрсеткішті Болат Райымбеков көрсетті. Мәреге бас пелетонмен бірге жеткен Болат 11-орыннан көрінді. Одан бөлек Хосеп Хуфре 14-орынға орналасса, Паоло Тиралонго — 37-інші, Александр Дьяченко — 41-інші, Роман Киреев — 99-ыншы, Валентин Иглинский 100-орыннан табылды.Арсен Жанаділ
-
Related Posts
-
-- enable recent posts plugin --
-
Leave a Reply