Проскурин қазақ велоспортының дамуына сенбейдi
-
- Views: 2 614.
www.alaman.kz
Қазақстан велоспорт федерациясының вице президенті Николай Проскурин өз еркімен орнын босатты. Бұл туралы Проскуриннің өзі бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
“Біздің федерацияның жұмысы көңілімнен шықпайды. Олар тек пайда үшін ғана жұмыс істейді. «Астана» комерциялық команда емес. Ол Қазақстан имиджін көтеретін ұлттық жоба. Осыны федерация түсінбейді. Қазақстанда спортты дамытудың белгілі бір жүйесі жоқ. Бәрі өз бетімен кеткен. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан спорты фундаментсіз үймен тең.
Негізі әр спорттың басына сол спорттан хабары бар адам келу керек. Ал бізде керісінше, спорттың иісі мұрнына бармайтын басшылар келіп, спортты «дамытуға» кіріседі. Мен шешім шығардым, орнымды босатам.
Проскурин Қазақстан велоспортының адвокаты десек артық айтқанымыз емес. «Астана» құрдымға кетудің аз-ақ алдында тұрғанда шырылдаған осы Проскурин мырза болатын. Шыдамның да шегі бар. Велоспорт федерациясының жұмысына көңілі толмағандығын ашық айтқан ендігі экс-вице басшының әр сөзінен ызаны анық аңғардық.Руслан Садақ
-
Related Posts
-
-- enable recent posts plugin --
-
Comments 8 комментариев
-
Leave a Reply
sake zharaisyn
rakhmet!!
Николай Абрамовичтың бұндай риторикасының астарында қандай себебтер жатқанын құдай білсін.
Басқару жағына келсек, әрине мамандар керек, бірақ менеджменттің заңдары қай салада болмасын, күрделі түрде басқаша деп ойламаймын.
Мен бұл кісіден көп білемін айтқым келмейді. Бірақ, кезінде кейбір сөздері керітарпалық әсер қалдырған еді.
Қалай болсада, Николай Абрамовичке де жұмысы үшін рахметін айтып алдыға қараған дұрыс.
Sake, siz ben biz bolyp, el bolyp surap ashtyrgan saittyn kazakhsha bolimi turganda, muny orysha bolimge jarialaganynyz kyzyk bolgan eken?!
negizi maqalany zhariyalar kezde CFRK boliminde de bolsyn zhazdyryp koigam, karap otyrsaq ol zher Russina bolinin astynda ekenin endi mine baiqadym. osyndai olqylyktar ketip zhatsa ayip etpenizder!
soite soite koshimiz tuzeledi 😉
Rahmet Seke!
Проскуринге әрине рахмет!
Шындығын айтқанда Проскуриннің істеген жұмысы
жаңа басшылыққа ұнамаған сияқты.
Саке рахмет!
Проскурин кетти деп салымыз суга кетпесин! Баска да жигиттер бар гой. Калганын форумда айтайык.
жігіттер форумға келіндер!