Муравьевтің мұнысы несі?

    • Filled in News in Kazakh 25 Ноябрь 2009 в 9:25, author: Sake
    • Views: 2 858.

     

    Халықаралық велосипедшілер қауымдастығының қазақстандық «Астана» велоклубына 2010 жылы «Про-тур» жарыстарына қатысуға лицензия бере ме, жоқ па, әлі ресми түрде жарияланған жоқ. Ал «Астананың» спортшыларынан құрылған америкалық «Радиошэк» велоұжымының көңілі тоқ. Олар тіпті команданың келесі жылғы құрамын да толық жариялады.

    Бірден айта кетейік, келесі жылы «Радиошэктің» сапында биыл «Астананың» жейдесін жамылған 12 велошабандоз өнер көрсетеді. Оларға бас менеджер Йохан Брюнель мен спорттық директор Вячеслав Екимовты да қосыңыз. Ал ең қызығы, сол 12 велошабандоздың қатарында қазақстандық Дмитрий Муравьев та бар. Басқа-басқа, өз жерлесіміздің «Астананы» тығырыққа тіреп, қиын жағдайда қалдырып кеткен маманның қол астында өнер көрсетуге не үшін шешім қабылдағаны біз үшін ғана емес, Қазақстан велоспорт федерациясының басшылары үшін де жұмбақ.

    – Муравьев адамгершілік тұрғысынан алғанда дұрыс істеген жоқ. Тым болмаса кететіні жайлы ескертуі керек қой, ал Дима бізге ештеңе айтпастан «Радиошэкке» ауысып кетті. Муравьевтің қандай адам екенін енді ғана білгендейміз. Оның бұл қылығына мен ғана емес, қазақ велоспортына жанашыр бүкіл Қазақстан жұртшылығы жиіркенішпен қарайтын шығар. Ол команданы сатып кетті, – деп бұл туралы велоспорт федерациясының вице-президенті Николай Проскурин өз ойын білдірді.

    Ал «Радиошэкке» қайта оралар болсақ, командада барлығы 16 елдің өкілінен құралған 26 спортшы бар. Сонымен, келесі жылы қазақстандық «Астананың» басты бәсекелесі болуға дайын «Радиошэк» велоклубының толық құрамы мынадай:

    Лэнс Армстронг (АҚШ), Леви Лейфаймер (АҚШ), Андреас Клоден (Германия), Янец Брайкович (Словения), Крис Хорнер (АҚШ), Сержио Паулиньо (Португалия), Ярослав Попович (Украина), Хосе Луис Рубьера (Испания), Аймар Зубельдия (Испания), Грегори Раст (Швейцария), Томаш Вайткуш (Литва), Дмитрий Муравьев (Қазақстан), Фумиюки Беппу (Жапония), Сэм Бэули (Жаңа Зеландия), Мэттью Баш (АҚШ), Бэн Германс (Бельгия), Маркель Иризар (Испания), Жэфроу Легатре (Франция), Фую Ли (Қытай), Тиаго Мачадо (Португалия), Джэйсон Маккартни (АҚШ), Себастьян Росселер (Бельгия), Иван Ровный (Ресей), Биорн Селандер (АҚШ), Герт Стигманс (Бельгия), Дэрил Импэй (Оңтүстік Африка Республикасы).

    Р.S. Николай Абрамұлының айтуынша, «Астана» велоклубына келесі жылғы «Про-тур» жарыстарына лицензия беріле ме, жоқ па, бүгін кешке белгілі болады.

    Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание