Мизуров пен Луценко Азия чемпионы атанды

    • Filled in News in Kazakh 15 Апрель 2010 в 1:30, author: Sake
    • Views: 2 619.

    Фото Рустам Узбеков

     Аламан Ақпарат

    Ұлттық құрама сапындағы ең тәжірибелі шебер Андрей Мизуров жекелей сын бойынша Азияның үздігі атанса, жастарымыз да жүлдесіз қалған жоқ. Топтасып жарысуда алдына жан салмаған Алексей Луценко алтын жүлде иеленсе, Мақсат Аязбаевтың еншісінде күміс медаль.

    Ал Альберто Контадор бастаған “Астана” велоклубының бір топ өкілі бүгін Испания жолдары арқылы өрбитін “Кастильия және Леон туры ” аталатын доданың жарыс жолына шығады. “Астананың” спорт жөніндегі менеджері Джузеппе Мартинелли сәуірдің 14-18 аралығында өтетін дүбірлі додаға жеті велошабандоз қосқалы отыр. Бұл тізімде қазақстандық велошбандоздар жоқ . “Тур де Франстың” қос дүркін жеңімпазы Альберто Контадор бастап шығатын команда құрамы, бұл жолы негізінен испандық велошабандоздардан жасақталған. Атап айтсақ Давид Де Ла Фуенте , Хесус Эрнандес, Хосеп Хуфре, Даниэль Наварро, Бенджамин Новаль (бәрі де -Испания) және словениялық велошабандоз Горазд Стангеллиді алдағы жарыстың ортасынан көретін боламыз.

                                                                                                                                                               Төлеген ЖҰМАБЕК , КТК

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments (1)

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание