Мәреге жету де мұң болды

    • Filled in News in Kazakh 29 Сентябрь 2009 в 11:42, author: Sake
    • Views: 4 504.

    Швейцарияның Мендризио қаласында велоспорттан әлем чемпионаты аяқталды. Оған қатысқан қазақстандық сайыпқырандардың өнері еліміздің велоспорт жанкүйерлерін екі ойлы пікірде қалдырды.

    Жекелей жарысқа қатысқан Александр Винокуров пен Андрей Кашечкиннің нәтижелерімен газетіміздің сенбі күнгі санында таныстырғанбыз. Ал командалық жарыста Қазақстанның намысын Винокуров пен Кашечкиннен бөлек, Асан Базаев, Дмитрий Фофонов, Максим Иглинский және Валентин Иглинский қорғады. Өкінішке қарай, 262,2 шақырымдық жолдың жартысына жетпей Валентин Иглинский жарыстан шығып қалған болса, тас жолдың жартысынан аса бергенде Кэштің де төзімі таусылды. Нәтижесінде қазақстандықтардан мәреге тек Вини, Базаев, Фофонов және Максим Иглинский жетті. Команда капитаны

    26-ншы болып келсе, Асан – 58-інші, Дмитрий – 66-ншы, ал Максим 97-орыннан көрінді. Бірақ айта кетейік, жерлестеріміздің бұл көрсеткіштерінің өзін мамандар жоғары бағалауда.

    Сонымен, біздің саңлақтар өздерін ортанқол нәтижелермен жұбатып жүргенде австралиялық Кадель Эванс 262,2 шақырымды 6 сағат 56 минут 26 секундта қиып өтіп, бас жүлдені жеңіп алды. Ал ресейлік Александр Колобнев одан 27 секунд қалып қойып, күміс медальға қол жеткізді. Қола жүлде испандық Хоакин Родригеске бұйырды.

    Арсен Жанаділ

    Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание