Көпкүндік супервелодода “Тур де Франс”

    • Filled in News in Kazakh 10 Июль 2010 в 10:36, author: Sake
    • Views: 2 842.

    Көпкүндік супервелодода “Тур де Франсқа” қатысушылар алтыншы кезеңнің жарыс жолын артқа тастады. Әзірге генералдық тізімде жекелей жарыстың асқан шебері швейцариялық велошбандоз Фабиан Канчелларо көш бастап келеді.

     Голландияның ірі қаласы Роттердамнан бастау алған биылғы дода көпті көрген велошабандоздардың өзін таң қалдырды. Олай дейтініміз, жарыс қожайындары ә дегеннен күрделі жолдарды таңдап қойыпты. Мысалы, біркүндік “Льеж-Бастон-Льеж” және “Париж –Рубэ” кез-келген мықтының титығына жететін классикалық жарыстар болып саналады. Қызығы, “Тур де Франстың” алғашқы кезеңдері осы біркүндік жарыстардың маршурттары арқылы өрбіді. Кесек тастардан қаланған тас жолдағы бәсеке небір дүлдүлдердің түбіне жетсе, енді біреулері дүбірлі дода қызбай жатып-ақ болдырып қалды. Үлкен марафонмен қоштасқандардың арасында Фрэнк Шлэк те бар. Төртінші кезеңдегі таза классикалық спринтрлік жарыс жолы тауы шағылған велокеруенге азды-көпті дем басуға мұрша бергендей болды. Ал бүгінгі Эперне-Монтаржи арасындағы 187 шақырымдық жарыстың нәтижесін де спринтерлік бәсеке шешіп берді. Жол бойы пелотонның алдына түсіп алып зырлаған үштік, қалай бұлтақтамасын алыс қашып құтылмады. Айналып келгенде спринтерлер арасындағы талас британиялық майталман Марк Кавендиштің пайдасына шешілсе, “Милрамның” сапындағы чех Геральд Чолек екінші, ал норвегиялық Эдвальд Хаген мәре сызығын үшінші қиды. “Астананың” бес бірдей велошбандозы алғашқы топппен бірдей нәтиже көрсетті. Ал жалпы есептегі тізім бұл жолы да өзгеріске ұшырай қойған жоқ. Сары жейде Канчелларода қалса, біздің отандық клубтың мықтылары Альберто Контадор мен Александр Винокуров әзірге сегізінші және тоғызыншы орындарды бөлісіп тұр.

    КТК

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание