Контадор үш дүркін жеңімпаз

    • Filled in News in Kazakh 26 Июль 2010 в 12:16, author: Sake
    • Views: 3 040.

    kantador_6dfhgdfhg

    Бір айға жуық уақытқа созылған “Тур де Франс” велокөпкүндігі әдеттегідей Париждегі Елисей алаңында мәресіне жетті.

    Жалпы есептің жеңімпазы 19-шы кезеңдегі жекелей жарыста-ақ белгілі болғандықтан, “Достық кезеңі” саналатын соңғы жарыс күнінде негізгі бәсекелестер Альберто Контадор мен Энди Шлек арасында қызу тартыс орын алған жоқ. Есесіне ең үздік спринт атануға ұмтылған қысқа қашықтыққа жарысудың қас шеберлері мәреге таяған тұста құстай ұшты. Нәтижесінде, соңғы метрлерде соңғы күшін сарқыған Марк Кэвендиш жеңіс тойын тойлады. Алайда, биылғы велоаламанның ең үздік спринті атағы көмбеге екінші келген италиялық Алессандро Петаккиге бұйырды. Ал, бірде-бір кезеңде топ жармай-ақ жалпы есепте бас жүлдені жеңіп алған “Астана” капитаны испандық Альберто Контадор “Тур де Франстың” үш дүркін чемпионы атанды.

    Алберто Контадор “Тур де Франс-2010″ велокөпкүндігінің жеңімпазы
    “Жеңістің оңайшылықпен келмейтіні белгілі. Сондықтан, мен үшін табыстарымның барлығы қымбат. Мысалы, 2007 жылы “Тур де Франстағы” тырнақалды жеңісіме қол жеткіздім. Араға жыл салып соны қайталадым. Енді міне ең беделді бәйгеде тағы да оза шаптым. Әрине, бұл мен үшін жұмылған жұдырықтай боп өнер көрсеткен командаластарымның еңбегі”.

    Дегенмен, командалық есепте “Астана” алтыншы орынды қанағат тұтты. Бұл сында аты аңызға айналған америкалық Лэнс Армстронг бастаған “Радиошэйк” командасы топ жарды. Контадормен соңғы сәтке дейін тайталасып баққан “Саксобанк” серкесі люксембургтік Энди Шлек жарыстың ең үздік жас велошабандозы болып танылды. Ал, 17 кезеңде қазақстандық жанкүйерлердің төбесін көкке жеткізген Александр Винокуров жалпы есепте 16-шы орынға табан тіреді.

    Ермек Төрениязов

    Аламан ақпарат

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments (1)

  • Quote
    Rakhimzhan Kazakhstan on 30 Июль 2010, 03:30:

    ?Alberto, porque tu dejaste nuestra ciclista partida? !Vuelve, por favor!
    !El que mas y el que menos de los todos Qazaqstan jente — queremos si tu volvieres a Astana! !Queremos muchisimo!
    ?Es possible, que tu salida es por una competencia entre tu y Armstrong?
    Soy un porra Qazajo!

    Осы хатты Контадорға жіберуіңізді сұраймын!

    May this letter be sent directly to Alberto!

    P.S. I love you all! Viva Astana!!!

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание