Контадор Турдың төсемтасын байқау үшін аттанады

    • Filled in News in Kazakh 28 Апрель 2010 в 12:41, author: Sake
    • Views: 2 546.

     

    Альберто Контадор ертең сейсенбі күні жұмыр тасты әйгілі Париж-Рубэ бағытындағы  учаскелерді байқап қайтады, оның ішінде 7-і келесі Тур де Франс додасына енгізілетін болады. Контадормен бiрге Бенджамин Новаль, Андрей Гривко және Оскар Перейро жолға шығады.

    Баспасөзге арналған жиын жұмыр тасты алғашқы учаскелердің бірінде өткізіледі. Шабандоздар фотографтар мен телеарна операторлары арнайы екі рет жүріп өтіп, кейін баспасөзбен кездесу үшін тұрақтайды. Кейін журналистерден жаттығу кезінде шабандоздарды мазаламауларын сұрап, сол арнайы аумаққа ешқандай көлік немесе мотоцикл жіберілмейтін болады.   

    Арнайы осы кезеңдерді жүріп өту үшін Альберто Specialized велосипедтің жаңа прототип түрін сынайтын болады. Осы түр велосипедпен осы жылғы Париж-Рубэ жарысын Фабиан Канчелара жеңіп алған болатын.

    Жаттығуларды аяқтаған соң Альберто баспасөз мәслихатын өткiзедi.

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments 3 комментария

  • Quote

    Raygirl hanymga kopten kop rakhmet!Audarmanyz jaksy bolypty!

  • Quote

    Рахмет жаңалықтарыңа! Осындай жаңалықтарды көптеп шығарып тұрсаңдар.

  • Quote

    Айманның арқасында мына жаңалықты шығардық, егер волонтерлер табылып жатса көмектесетін белсене шығарып тұрамыз 😉

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание