Контадор дауы үш айға созылмақ
-
- Views: 3 031.
Альберто Контадор ісіне байланысты тәртіптік комиссияның қорытынды шешімі екі ай көлемінде шығарылмайды. Мұны Испания велоспорт федерациясының (RFEC) басшысы Хуан Карлос Кастано мәлімдеді.
Кастаноның сөзіне қарағанда, істің соңғы нүктесі үш айдан соң ғана белгілі болуы мүмкін. Бұл мәселенің ақ-қарасы белгілі велошабандоздың іс барысында қандай дәйектер келтіретініне байланысты ажыратылмақшы. Өздеріңізге мәлім, «Астана» велоклубының экс-серкесіне қатысты зерттеу кезінде оның зәрінен тыйым салынған кленбутерол табылған болатын. Спортшы оны «бұзылған еттен болды» деп ақталып отыр. Ал Альбертоның отандасы Педро Дельгадо допингпен ұсталған жерлесінің спорттан алты айға дейін аластатылуы мүмкін екенін айтады. «Контадор өз денсаулығына айтарлықтай нұқсан келтірді. Кленбутеролды қанға енгізу жазаға лайық. Өз басым бұл үшін оны қатаң айыптамасам да, Контадордың спорттан аластатылатынын сеземін», – дейді ол.Автор: Болатбек МҰХТАРОВ
-
Related Posts
-
-- enable recent posts plugin --
-
Comments (1)
-
Leave a Reply
Подскажите, пожалуйста, как читать жителям другой части СНГ? 🙄
Или может кто он-лайн переводчик посоветует? Гугл не взял 🙁