Контадор бәрінен озды

    • Filled in News in Kazakh 16 Март 2010 в 3:59, author: Sake
    • Views: 2 713.

    Францияда мәртебелі «Париж – Ницца» велокөпкүндігі аяқталды. Бір аптаға созылған дүбірлі додада «астаналық» Альберто Контадор жеңіске жетті. Бұл – испандық легионеріміздің осы жылдағы екінші жеңісі.

    Естеріңізде болса, мұның алдында Португалия жерінде өткен «Альгарве» турында Альберто алдына жан салмай, жалпы есепте бас бәйгені жеңіп алған болатын. Бұл жолы да көшбасшымыз көсілді. Көпкүндіктің 208 шақырымға созылған төртінші кезеңінде мәре сызығын бірінші болып кесіп, нәтижесінде, сары жейдені де киген Контадор содан кейін көш басынан түскен жоқ. Әрқашан көмбеге бас пелетонмен қатар жетіп отырды.
    Дегенмен бірден айта кетейік, «жеңіс «жерлесімізге» оңай келді» деп ойласаңыз, қатты қателесесіз. Жарыстың бірінші кезеңінде-ақ құлап, тізесін жарақаттап алды. Әлбетте, Альбертоға қолды бір сілтеп, аурухананың кереуетінен тұрмай қоюына болар еді, алайда жаны сірі Контадор жарыс жолына қайта шығып, намысты қолдан бермейтінін дәлелдеді. Жалпы есепте испандық саңлақ басты қарсыласы Алехандро Вальвердеден 11 секундқа озып кетті. Ал отандасымыз Дмитрий Фофонов қорытынды есепте 32-орыннан көрінді.

    Арсен Жанаділ

    Алаш Айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание