Контадор әзірге ондықта

    • Filled in News in Kazakh 10 Март 2010 в 6:18, author: Sake
    • Views: 3 039.
    Photo: © AFP

    “Париж-Ницца” көпкүндігінің екінші кезеңі   француз William Bonnet(суретте) жеңісімен аяқталды. 

    "Bbox Bouygues Telecom" командасының өкілі  Contres-Limoges арасын алып жатқан 201 шақырымдық жарыс жолын 4 сағат 22 минутта жүріп өтті.   “Liquigas” намысын қорғап жүрген   словак Петер Саганн екінші нәтиже көрсетсе,  үздік үштікті испаниялық Caisse d’Epargne командасының шабандозы Луис Леон Санчес түйіндеді.  “Астананың” лидері Альберто Контадор бұл кезеңде 17-ші орынға табан тіреп, жалпы есептегі жағдайын біршама түзеп алды.  “Тур де Франстың ” екі дүркін жеңімпазы  қос кезеңнің қорытындысы бойынша әзірге 9 орында келеді. Ал көш тізгіні голландиялық велошабандоз Ларс Боомның (Lars Boom) қолында.

    Аламан Ақпарат

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание