Кашечкин Италия клубы сапында

    • Filled in News in Kazakh 24 Июнь 2010 в 11:25, author: Sake
    • Views: 2 960.

    Қазақта бокс пен күрес алдыңғы қатарлы спорт түрлері десек, бұлардың қатарына ауыр атлетика мен велоспортты да қосуға болады. Қазіргі таңда қазақстандық «Астана» велоклубын бүкіл әлем жақсы біледі.

    Халықаралық аренада еліміздің мерейін тасытып жүрген велошабандоздарымыз да баршылық. Солардың бірі Андрей Кашечкин десек, артық айтқандық емес. Бірнеше жыл шетелдік кәсіпқой велокоманда өнер көрсетіп, жоғары жетістіктерге қол жеткізген Андрей кейбір келеңсіздіктердің салдарынан екі жылдай үлкен спорттан қол үзіп қалған болатын. Аздаған үзілістен кейін велосипедке қайта отырған Андрей Италияның «Лямпре» клубымен келісімшартқа қол қойған болатын. Алдағы уақытта Андрейдің халықаралық аренада топ жарып, үздік нәтижеге қол жеткізу мақсатында Қызылорда облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы мүдделі болып, қолдау көрсетуде. Әрі «бұл Азия және Олимпиада ойындарының жүлделеріне қол жеткізуге өз ықпалын тигізеді» деп жерлестерін мақтан тұтуда.

    Телжан Күдеров

    Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание