Кашечкин де қатарға қосылады

    • Filled in News in Kazakh 16 Сентябрь 2009 в 1:37, author: Sake
    • Views: 2 485.

    Велоспорттан әлем біріншілігі қыркүйектің 24-і мен 27-сі аралығында жер жаннаты Швейцарияда өтеді. Онда жерлестеріміз Александр Винокуров пен Андрей Мизуровтың сөреден жеке-жеке жіберілетін жарысқа қатысатыны белгілі болды. Сондай-ақ қуанышты жаңалық, бұл сынға екі жыл үзілістен кейін тағы бір саңлағымыз Андрей Кашечкин де қатысатын болды.

    – Кашечкинмен ортақ мәмілеге келдік. Ол әлем чемпионатында Вини және Мизуровпен қатар сөреден жеке-жеке жіберілетін жарысқа қатысады. Ал сол байрақты бәсекеден кейін Андрей «Астана» командасына ауысады, – деді ҚР велоспорт федерациясының вице-президенті Николай Проскурин.

    Сондай-ақ Николай Абрамұлының айтуынша, бұлардан басқа Швейцарияға бес велошабандоз аттанады. Әзірге басты үміткерлер Максим Иглинский, Асан Базаев және Александр Дьяченко. Қалғандарының есімдері байрақты бәсекенің уақыты жақындағанда белгілі болады. Бір айта кетерлік нәрсе, бұл саңлақтар сөреден жеке-жеке жіберілетін жарысқа қатыспайды. Тек, топтық жарыспен шектеледі. Ал Винокуров пен Кашечкин керісінше, тек жеке жарысты бағындыруға тырысады.

    Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание