Испания Вуэльтасы — 2013. I- бөлім.

    • Filled in News in Kazakh 19 Сентябрь 2013 в 9:21, author: Dina Iskakova
    • Views: 3 164.

    Мәртебелі көпкүндіктің үшіншісі - Вуэльтаның соңғы төрт күнін өз көзімен көріп, елге ақпарат жеткізуге мүмкіндік алған қазақстандық бір топ журналист жұмысын 18 кезеңнің сөресі тігілген Пенья Кабаргада бастады.                          

    Қолымызда әлі аккредитация болмағандықтан велошабандоздарды команда автобусында күттік. Біз келгенде мәреге дейін әлі 30 шақырымдай бар екен. Автобус ішінде орнатылған 3 теледидарға телміріп Нибалидің тілеуін тіледік.

    IMG_1791

    IMG_1779

    IMG_1778


    Команданың пресс-офицері Крис Болдуинді сұрақ астына алдық.Төлқұжат бойынша американың азаматы болып табылатын Крис мырза кімнің жанкүйері Нибалидің ба, әлде Крис Хорнердің ба, біле алмадық)))
    IMG_1803

    IMG_1800

    Тартысты жарыс болды.  Крис Хорнер мен Винченцо Нибали арасындағы уақыт айырмашылығы 3 секундқа қысқарды. Бар үмітіміз Англиру кезеңінде... Автобус жанына бірінші болып Танел Кангерт келді.

    IMG_1806

    IMG_1819 IMG_1836 IMG_1817 IMG_1815

     Велошабандоздармен бірге команданың бас менеджері Александр Винокуровта келді.IMG_1810

    Александр Винокуров:Алда әлі екі таулы кезең бар. Ертең дәл бүгінгідей ауыр болмауы тиіс. Біздің үмітіміз сенбі күнгі жарыста. Жаңбыр жауады деген болжам бар. Жаңбыр жауса жақсы болар еді. Себебі Нибали жаңбырлы кезеңдерде жақсы жүретін шабандоздардың бірі. Ал Хорнер керісінше ауа райы бұзылған күндері бабын жоғалтады. Біз әлі Хорнердің шаршағанын көрген жоқпыз. Барлығын сенбі күнгі кезең шешеді. Команда дайын. Барымызды саламыз. Ешкімде аянып қалмасы анық. Жеңісті қолдан беріп қоюға жол беруге болмайды.
    IMG_1827 IMG_1826

     
    Бәйгеден келген темір тұлпарлар:
    IMG_1855

    IMG_1856 IMG_1896

     
    Велосипедттер қазақтың ұлттық ою-өрнегімен безендірілген.
    IMG_2015 IMG_2014 IMG_2011 IMG_1905

     Жалғасы бар...

    Дина Ысқақова, арнайы astanafans.com үшін

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments 3 комментария

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание