Ісімізден сөзіміз көп болды
-
- Views: 2 520.
Италия жерінде өткен «Джиро д’Италия» велокөпкүндігі өз мәресіне жетті. Үш аптаға созылған бұл жарыста Қазақстанның «Астанасы» өздерінің біртұтас команда екендіктерін дәлелдей алмады.
Шыны керек, Бұл «Джирода» «астаналықтардың» ісінен гөрі сөзі көп болған сияқты. Бастапқы кезеңдер сәтті басталған. Нәтижесінде, ол кезде саңлақтарымыз команданы мақтап, бізден озатын ешкім жоқ екенін айтып, тіпті кейбіреулері «Джироны» «ұтып» та қойды. Алайда кезек қиын кезеңдерге келгенде жігіттеріміздің аяқтарына «жем түсіп», велосипед рөліне ие болудан қалды. Бір қызығы, ондай кездері жерлестеріміз кінәні өздерінен емес, өзгелерден іздей бастады. Қала берді, бар кінәні ауа райына, сәтсіздіктерге жабумен болды. Ал бұл кезде бізден басқа командалар өз істерін үн-түнсіз, ешқандай комментарийсіз атқарып, ақыры соның жемісін көрді. «Астана» секілді жарыстың жартысына жетпей, жарым-жартылай қалған жоқ. Мәреге толық құрамда жетіп отырды. Өз капитандарын өрге сүйреген грегарилері де өздеріне артылған міндеттерін толық орындады. Жанкүйерлердің қошеметіне ие болған бұл командалар Италияның Liquigas-Doimo ұжымы мен Испанияның Caisse d’Epargne велоклубы еді. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, қорытынды есепте «Астана» сапында Александр Винокуровтан басқа 4-ақ велошабандоз қалған болса, испандық клубтың намысын қорғаған велошабандоздардың жетеуі соңына дейін жетіпті. Ал Liquigas-Doimo саңлақтары мүлдем ерледі. Бұл команданың атынан «Джироға» тоғыз велошабандоз қатысқан болса, соның тоғызы ең соңына дейін шыдаған. Ал үшеуі үздік ондықтың қатарына еніпті. Оның ішінде команда капитаны Иван Бассо «Джиро» жеңімпазы атанып, күлгін-қызғылт жейдені өзінде қалдырса, «лейтенанттың» қызметін атқарған Винченцо Нибали үшінші орынға ойып тұрып орналасты. Ал қорытынды есептің екінші сатысынан испандық саңлақ Давид Арройо көрінген болса, «Астана» капитаны Александр Винокуров «Джироны» алтыншы орынмен тамамдады.
- Photo: © Sirotti from www.cyclingnews.com
«Джиро д’Италия» көпкүндігінің қорытынды есебі
17-кезеңінен кейінгі жалпы есептегі көрініс
1. Иван Бассо (Liquigas-Doimo, Италия) 87.44.01
2. Давид Арройо (Caisse d’Epargne, Испания) — 0.01.51
3. Винченцо Нибали (Liquigas-Doimo, Италия) — 0.02.37
4. Мичель Скарпони (Androni Giocattoli Италия) — 0.02.50
5. Кадель Эванс (ВМС Тeam Racing, Австралия) — 0.03.27
6. Александр Винокуров (Астана, Қазақстан) — 0.07.06
42. Хосеп Хуфре (Астана, Испания) — 1.52.09
70. Андрей Гривко (Астана, Украина) — 2.41.18
87. Роман Киреев (Астана, Қазақстан) — 3.13.47
92. Горазд Стангели (Астана, Словения) — 3.20.57Арсен Жанаділ, “Алаш айнасы”
-
Related Posts
-
-- enable recent posts plugin --
-
Leave a Reply