Гаспоротто үздік үштікте

    • Filled in News in Kazakh 19 Апрель 2010 в 5:53, author: Sake
    • Views: 2 426.

    Кеше Голландияда PRO TOUR  аясындағы  «Амстел Голд Рейс» атты  даңқты біркүндік веложарыс аяқталды. Нидерландының тас жолында сынға түскен «Астана»  командасы да бұл сында жаман өнер көрсеткен жоқ.

    257.8 километрді 6:22:54 уақыт көрсеткішінде жүріп өткен «Omega Pharma Lotto» командасының велошабандозы  Филипп Гильберт мәреге ең бірінші болып жетіп, аққайнар ату бақытына ие болды. Ал, одан +2 минутқа қалып қойған «Garmin Slipestrim»-нің өкілі  Хэсжедаль мен «Астаналық» Энрико Гаспоротто екінші, үшінші орындарға табан тіреп, жанкүйерлерін қуантты. Бұл бәйгеде жарыс жолына шыққан «Астананың» өзге шабандоздары көрсеткен нәтиже төмендегідей:

    3. Энрико Гаспоротто

    …40. Андрей Гривко

    …47. Максим Иглинский

     …50. Дмитрий Фофонов

     …91. Мирко Сельваджи

     «Астананың» автралиялық өкілдері Алан және Скотт Дэвистер мәреге жетпей, "Амстел Голды Рейсті" сол күйі аяқтай алған жоқ.

     Елспорты

    Photo Sirotti for Steephill.tv

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание