Винокуров – “Джиро дель Трентино” жеңімпазы
-
- Views: 2 589.
Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы қазақстандық Александр Винокуров («Астана») Италияда аяқталған айтулы “Джиро дель Трентино” көпкүндігінде топ жарды. Саша Винокуров допинг қолданды деген айыппен екі жыл спорттан шектетілгені белгілі. Екі жылдан кейін қайта шайтанарбаға мінген отандасымыздың бұл ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы жеңісі. Көпкүндіктің қорытындысы бойынша екінші орында – италиялық Риккардо Риккода. Ал үздік үштікті Доменико Поццовиво (Италия) түйіндеді.
Қорытынды:
1. Александр Винокуров (Қазақстан, “Астана”) 13:50:232. Риккардо Рикко (Италия, “Керамика Фламиния”)
3. Доменико Поццовиво (Италия, “Колнаго”) 0:00:42
…38. Паоло Тиралонго (Италия, “Астана”) 0:10:44
…40. Роман Киреев (Қазақстан, “Астана”) 0:11:15
…82. Сергей Ренев (Қазақстан, “Астана”) 0:31:35
…91. Болат Райымбеков (Қазақстан, “Астана”) 0:36:50
"Джиро дель Трентино" Винокуровқа бұйырды
Александр Винокуров Италияда өткен «Джир дель Трентино» көпкүндігінің бас жүлдесін жеңіп алды. Бұл допинг дауынан басын арашалағалы бергі Винокроувтың екінші ірі жеңісі. «Астана» сапына оралған бойда ол Азия чемпионатын жеңіп алған болатын. Мәртебелі жарыстың соңғы турын Доминико Поззовиво ұтқанымен , жалпы есептегі жеңімпаз деп «Астананың» беткеұстары Александр Винокуров танылды. Ол ақырғы айналымды 4-і болып аяқтап, басты қарсыласы Рикардо Риккоға бәрібір жалынан сипатқан жоқ. 14 секундтық артықшылығын орынды пайдаланған қазақстандық велоспортшы екі жылдық үзілістен кейінгі алғашқы көпкүндігінде жеңіске жетті. Ұлт мақтаныштарының біріне саналатын Александрға енді алдағы ауқымды жарыстарда да жеңіс тілейміз. Жарақат пен сәтсіздіктің айналып өтуі де қазақ жанкүйерінің басты тілектерінің бірі.
1.Александр Винокуров – «Астана»
2.Рикардо Рикко – «Керамика фламиния»
3.Серхио Беллон - «Кармиуру НЖК»
-
Related Posts
-
-- enable recent posts plugin --
-
Comments (1)
-
Leave a Reply
жарайсың Вино!!! Әлі де үлкен жеңістерің алда деп сенеміз!!!