Джиро дель Трентино, 2 этап

    • Filled in News in Kazakh 23 Апрель 2010 в 11:43, author: Sake
    • Views: 2 806.

    Photo: © Roberto Bettini

    Александр Винокуров «Джиро дель Трентиноның» велокөпкүндігінің екінші кезеңінен кейін де көшбасшы сары жейдесін сақтап қалды.

    Еуропа күнтізбесінен ойып тұрып орын алған жарыс кеше жалғасты. Тауға көтерілгенде де қарсыластарынан қалыспаған Қазақстан велошабандозы мәреге италияндық Рикардо Риккомен иық теңестіре жетті. Олар 172 жарым шақырымдық межені 4 сағат 48 минутта тура бағындырды. Фото финиш Винокуровтың екінші келгенін дәлелдеді. Қалай болғанда да отандасымыз Рикардодан жалпы есепте 26 секундқа алда келеді. Ал екі кезеңнен кейін үздіктер үштігін Микеле Скарпони түйіндеп отыр.

    Асылхан Өмірбекұлы

    "Қазақстан" РТРК

    Photo girodeltrentino from flickr.com

    Photo girodeltrentino from flickr.com

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments (1)

  • Quote
    Серік.И Kazakhstan on 23 Апрель 2010, 23:55:

    ВИНО «Джиро дель Трентино»велокөпкүндігінің жеңімпазы атанды!!!Сашаны осы жеңісімен құттықтаймын!!!Жеңістен жеңіске жете бер.

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание