Доминиканды «дөңгелеттік»

    • Filled in News in Kazakh 28 Февраль 2010 в 3:47, author: Sake
    • Views: 2 594.

    Алаш айнасы

    Ел велоспортында біз тек «Астана» велоклубындағы әйгілі легионерлеріміздің жеңістерімен ғана емес, Қазақстан құрамасындағы жас тарландарымыздың да жетістіктерімен мақтана аламыз. Олай дейтініміз, Доминикан Республикасында өтіп жатқан Vuelta Independencia Nacional велокөпкүндігінде жас саңлақтарымыз көрермендердің көзайымына айналып, кезең жеңімпаздары атануда.

    Photo by Vuelta Independencia Nacional

    Владимир Ремыга жаттықтыратын жастар құрамасы сапында Доминикан Республикасы еліне Абылай Шуғайыпов, Арман Қамышев, Никита Умербеков, Мирас Бедербеков, Руслан Әбділманов, Даниил Фоминых және Евгений Пеляйкин аттанған болатын. Жерлестеріміз алғашқы кезеңнен-ақ алға ұмтылып, ақыры діттеген мақсаттарына жетті. Үшінші кезеңде қарсыластарынан оқ бойы ұзап кеткен Никита Умербеков мәреге бірінші болып жетіп, кезең жеңімпазы атанып қана қоймай, жалпы есепте көш бастады. Ал төртінші кезеңде Арман Қамышев топ жарады. Көшбасшыдан небәрі 21 миллисекундқа қалып қойған жерлесіміз көмбеге екінші болып жетті. Сондай-ақ басқа да жігіттеріміз де мәреге бас пелетонмен бірге келді. Енді турнирдің аяқталуына бес тур қалды. Егер жас тарландарымыз осы бетінен таймаса, онда көпкүндіктің қорытындысы біздің пайдамызға шешіліп қалуы әбден мүмкін.

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments 2 комментария

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание