Бапкерлердің жалақысы 15-20 мың теңгеден аспайды
-
- Views: 2 902.
Осыдан бір ай бұрын Қазақстан Республикасы велоспорт федерациясының бас хатшысы қызметіне, осы салада талай жыл еңбек атқарған және оның қыр-сырына қанық маман Валентин Рехерт тағайындалды. Бұхаралық-ақпарат құралдары өкілдерін дастархан басына шақырған жаңа хатшы таныстықты емін-еркін жағдайда өткізгенді жөн санапты.
Қазақстан Республикасы велоспорт федерациясының жаңа бас хатшысы мен танысуымыз Алматыдағы еуропалық үлгімен безендірілген дәмханалардың бірінде өтті. Әр-әр жерге тәтті дәмдер қойылған кең үстелді қоршай отырған журналистерді көзімен шолып өткен Валентин Рейнгольдович Рехерд, дастархан басындағы әңгімені өзін таныстырудан бастады. Суда жүзуден спорт шебері нормативін орындаған Валентин Рехерт, керек десеңіз КСРО құрамасы сапында да өнер көрсеткен болып шықты. Влеоспорттағы карьерасы 1988 жылы басталып, содан 2000 жылға дейін түрлі қызметтер атқарған. Федерацияның бас хатшысы да болған. Бір сөзбен айтқанда кезінде өз еркімен қызметінен кеткен экс бас хатшы бұрынғы тағына қайта отырды. Одан әрі дәмханадағы әңігме дүкен Қазақстан Республикасы велоспорт федерациясының вице-президенті қызметінен өз еркімен кеткен Николай Проскурин жайлы өрбіді.
Валентин Рехерт, ҚР Велоспорт федерациясының бас хатшысы:
- Николай Абрамовичті қызметінен ешкім қуған жоқ. Өз еркімен кетті. Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Қайрат Келімбетов, оның қызметінде қалуын өтінді . Бірақ Абрамович бас тартты. Мені осы оырнға шақырғанда , Қайрат Келімбетов мырзаға , тек ішкі спортпен айналысуға дайын екенімді айттым. Өйткені, бұл салада менің білетінім де таныстарым да көп. Бірақ айналып келегнде қазақ велоспортын дамыту мен қатар “Астана” велоклубына да көңіл бөлуге тура келді.
Кәсіпқой велоклуб “Астананы” күшейту және елімізде велоспортты дамытуды қамтыған екі бағытты ұстанған Валентин Рехерт, экс- вице-президент Николай Проскуринді жақсылап сынап та алды.
Валентин Рехерт, ҚР Велоспорт федерациясының бас хатшысы:
-Өзінің есеп берген баяндамасында Николай Проскурин: “Еліміз бойынша қолында лицензиясы бар велошабандоздардың саны 3 жарым мың, ал жаттықтырушылар құрамы екі жүздей ”деп есеп берген. Шын мәнінде жағдай мұндай емес. Велоспорт Алматы облысы мен Солтүстік Қазақстан сондай-ақ Қызылорда мен Астана және тағы бір-екі аймақта ғана дамып келеді. Бапкерлердің жалақысы 15-20 мың теңгеден аспайды. Велосипед пен қосалқы бөлшектер жетіспейді Керек десеңіз велошабандоздардың жарысқа киіп шығатын спорттық киімдері де жоқ.
Тағы біраз мәселенің басын шалған жаңа хатшы, мамыр айының соңына қарай облыстық федерациялар мен спорт мектептері және Олимпиадалық дайындау орталығы басшыларының қатысуымен кеңейтілген кеңес өткізуді жоспарлап отыр. Осы бас қосудың нәтижесіне сүйене отырып, жаңа шешімдер қабылдайтынын жеткізді.
-
Related Posts
-
-- enable recent posts plugin --
-
Leave a Reply