БАҚТИЯР ҚОЖАТАЕВ: ТҮРКИЯ ТУРЫНЫҢ БІР КЕЗЕҢ ҰТУҒА ТЫРЫСАМЫЗ

    • Filled in News in Kazakh 29 Апрель 2015 в 6:25, author: Ruslan Medelbek
    • Views: 2 562.

    photo_scanferla_119X3435

    Түркия турына қатысып жатқан «Астана» командасының мүшесі Бахтияр Қожатаев «Аламан» тілшісіне турдағы команданың ендігі тактикасы жөнінде айтып берді. 

    Үш кезеңнен кейін жалпы есепте 20-орында тұрған Бақтияр Қожатаев команда Кемер мен Елмалы аралығын құраған таулы кезеңде жеңіске жетуге бар күштерін салғанын бірақ соңғы сәтте өз мүмкіндіктерін жіберіп алғанын айтты.

    - Әзірше Түркия туры біз үшін сәтті өтіп жатқан жоқ. Үш кезеңді артқа тастадық, үшінші этап осы жарыстағы басты кезеңдердің бірі  болатын. Команданың көңіл күйі жақсы және жеңіске деген жігері болды. Дегенмен соңғы сәттерде таудағы жоспар орындалмай үздік нәтиже көрсете алмадық. Басты мақсатымыз жалпы есепте үздіктер қатарына ену еді. Ал қазір ол жоспарды орындау сәл қиын, себебі басты кезеңді өткізіп алдық. Алдағы уақыттарды бір кезеңді ұтып алу үшін жұмыс жасаймыз. Одан бөлек жалпы есепте де өз жағдайымызды жақсарту үшін тырысамыз. Тартыс әлі аяқталған жоқ, сондықтан соңына дейін күресеміз,- деді Қожатаев.

    Түркия туры 3 мамырда Стамбулда аяқталады. Әзірге жалпы есепте  ССС командасының италиялық шабандозы Давиде Ребеллин көш бастап тұр.

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание