«Астананың» арманы орындалды
-
- Views: 2 757.
Қазақстандық «Астана» велоклубы ақыры мақсатына жетті. Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) командаға келесі жылғы «Про тур» жарыстарына қатысуға лицензия берді.
Естеріңізге сала кетейік, келесі жылға лицензия алу үшін «Астана» велоклубы халықаралық велосипедшілер қауымдастығына бір жылға 15 миллион евролық банктік кепілдігін көрсетулері керек болатын. Дер кезінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамымен төрт жылға келісімшартқа отырған «Астана» UCI-ге 15 миллион евролық кепілдікті көрсетті. Алайда «біз компаниялық емес, банктік кепілдікті сұратқанбыз» деген желеумен UCI бұл құжатты кері қайтарып тастады. Дегенмен команда басшылары «Самұрық-Қазына» қорының дәрежесі банктен де жоғары екенін дәлелдей білсе керек, сәрсенбінің сәтті күнінде халықаралық велосипедшілер одағы «Астананың» келесі жылғы «Про тур» жарыстарына қатысуына лицензия беретінін жариялады.
Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті Николай Проскуриннің айтуынша, бүгінде командада 12 легионер және 12 қазақстандық велошабандоз тіркеулі көрінеді. Дегенмен команда құрамы әлі де толығуы мүмкін. Мәселен, команданың келесі жылға лицензия алғаны белгілі болысымен, испандық велошабандоз Оскар Перейро бірден «Астана» сапына өтті. Енді Перейро 2010 жылғы «Тур де Франс» көпкүндігінде Альберто Контадордың басты грегарийлерінің бірі болады.
«Астана» командасының құрамы:
Александр Винокуров, Максим Иглинский, Асан Базаев, Роман Киреев, Андрей Зейц, Александр Дьяченко, Валерий Дмитриев, Сергей Ренев, Болат Раимбеков, Валентин Иглинский, Дмитрий Фофонов, Максим Гуров (бәрі де – Қазақстан), Альберто Контадор, Дани Наварро, Бенджамен Новаль, Хесус Эрнандес, Давид Де ла Фуэнте, Оскар Перейро, (бәрі де – Испания), Паоло Тиралонго, Энрико Гаспаротто, Мирко Сельваджи (бәрі де – Италия), Андрей Гривко (Украина), Горазд Стангели (Словения).
Бас менеджер: Иван Санкер (Франция).
-
Related Posts
-
-- enable recent posts plugin --
-
Leave a Reply