«Астананың» әнұраны бар ма?

    • Filled in News in Kazakh 27 Январь 2010 в 7:34, author: Sake
    • Views: 2 626.

    Александр Винокуровтың жақын досы, Спортшылардың құқын қорғау халықаралық қорының президенті Питер Берман бұл әнді ұнатып, «Астана» велоклубының әнұраны болуға лайық екен», – деп бағалаған болатын.

    Тіпті ағылшын тіліне аудару жөнінде де ұсыныс тастаған. Сөйтіп, ірі жарыстарда «Астананың» әнұраны ретінде шырқалатынын айтқан. Негізі, Берманның айтуынша, қазір бұл тұрғыда жұмыстар жүргізіліп жатыр. Дегенмен Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті Николай Проскурин бұл ән туралы былай деп кесіп айтты:

    – Жұрттардың айтып жүргені Алматыда өткен Александр Винокуров жайындағы фильмнің премьерасында тыңдалған ән ғой. Ол қарағандылық жас жігіттердің шығарған әні. Негізі, ұсынылып жатқан әндер көп. Сондықтан жаңағы әнді әнұран ретінде қабылдауға болмайды. Сондай-ақ қазақша нұсқасын шығару ойымызда жоқ. Бізге әлі бекітілген әнұран жоқ, кез келген адам келіп өз әнін ұсына алады.

    Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание