Астаналықтар абыройды ақтады

    • Filled in News in Kazakh 28 Июль 2009 в 7:17, author: Sake
    • Views: 2 570.

    Велоспортшыларымыз еліміздің мәртебесін асырып, зор қуаныш сыйлады. «Тур де Франс» көпкүндігінің 96-маусымы «Астана» командасы үшін сәтті аяқталды. Әлем жұртшылығының назарын өзіне аудартқан ең мәртебелі веложарыс Париждегі Елисей алаңында мәреге жетті. Көш бастап үстінен жеңімпаздың сары жейдесін тастамаған Альберто Контадор жанкүйерлердің үмітін ақтап «Тур де Франстың» жеңімпазы атанса, «Астана» турдың ең үздік командасы болды. Төрткүл дүниенің ең мықтылары бақ сынасатын дүбірлі додада жеңімпаз атану оңай іс емес. Әуелде жазық далада жүйткіп үйренгендердің жолы болып, Марк Кавендиш секілді спортшылар алғашқы болып сары жейдені киді. Алайда, кімнің кім екені тау жолына келгенде анық белгілі болады десті мамандар. Айтқандары келді – 15-турда 207,5 шақырымдық тау жолында испан жігіті Контадор алдына жан салмай мәре сызығын бірінші болып кесті. Франция президенті Николя Саркози арнайы келіп тамашалаған 17-кезеңде Альберто Контадор 2-болып жетті. Бірақ жалпы есепте астаналық шабандоздың алдына ешкім де шыға алмады. Кеше Париждегі Елисей алаңында мәртебелі жарыс мәресіне жетті. Контадордың көрсеткіші 85 сағат 48 минут 35 секунд болды. Екінші орынға шыққан Люксембург спортшысы Энди Шлеек одан 4 минут 11 секундқа қалып қойды. Мамандар, Альберто Контадор қазір нағыз бабында екенін айтады.
    Қазақтың намысын жыртқан испан жігітіне жанкүйерлердің алғыстан басқа айтары жоқ. Осындай азулы спортшылардың басы қосылған «Астана» командасынан болашақта талай жүйрік өсіп шығарына сенім мол

    ЕЛ

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание