«Астанада» қазақтардың саны артты

    • Filled in News in Kazakh 30 Сентябрь 2009 в 11:36, author: Sake
    • Views: 2 998.

    Әлем чемпионатын пайдаланып, азғана үзіліс алған «Астана» велоклубы қайтадан жарыс жолына шықты. Ертең қазақстандық велокоманда Франция және Бельгия жерінде өтетін «Франко-Бельгия» көпкүндігіне қатысады.

    Бұл велотурнирде «Астананың» намысын сегіз саңлағымыз қорғамақ. Олар – Асан Базаев, Болат Райымбеков, Валерий Дмитриев, Роман Киреев, Томаш Вайткус, Грегори Раст, Стив Морабито және Михаэль Шар. Бірден айта кетейік, бұл көпкүндікте жігіттерімізді команданың жаңа менеджері, итальяндық Джузуппе Мартинелли бастап бармайды. Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті Николай Проскуриннің айтуынша, синьор Мартинелли қызметіне кірісіп кеткенімен, жігіттерімізге «Франко-Бельгия» көпкүндігінде көмектесе алмайды.

    – Команданың бұрынғы бас менеджері Йохан Брюнель ақырындап тізгінді Мартинеллиге ұстатуда. Бүгінде итальяндық маман құжаттармен танысу үстінде. Осыған байланысты алдағы жарысқа жігіттерді команданың спорттық директоры Александр Шефер бастап барады, – деп жауап берді вице-президент.

    Естеріңізге сала кетейік, «Франко-Бельгия» турнирінен кейін «Астана» жігіттері екі топқа жарылып, 8 қазанда «Коппа Кабантини» және «Париж-Бургес» біркүндігінде бақтарын сынайды.

    Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание