«Астана» велокомандасының 2011 жылғы жарыс маусымына арналған лицензияны алуы 20 қараша күні шешіледі

    • Filled in News in Kazakh 15 Ноябрь 2010 в 4:26, author: Sake
    • Views: 2 604.

    ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - «Астана» велокомандасының 2011 жылғы жарыс маусымына арналған лицензияны алу мәселесі 20 қараша күні шешіледі.

    Бұл туралы бүгін Астанаға іссапармен келген команданың спорт директоры Джузеппе Мартинелли айтты.

    БАҚ-тарда «Астана» командасы 2011 жылғы маусымның лицензиясы үшін төленетін қаражатты толығымен өтемеуіне байланысты лицензияға қол жеткізе алмауы мүмкін деген ақпарат тараған болатын.

     Д. Мартинеллидің айтуынша, лицензия айналасындағы мәселе команданың қаржылық жағына еш қатысы жоқ. «Құжаттардың бірі бірнеше сағатқа кешігіп жетті. Енді ресми ақпараттар 20 қараша күні белгілі болады», - дейді ол.
    Қазақстандық ұжымның спорт директорының айтқанындай, сол күні лицензия жөніндегі жайт  бір «Астана» клубы үшін ғана емес, барлық командалар үшін де шешімін таппақ.

     «Бүгінгі таңда тек 4 команданың қорытындылары белгілі. Қалған командалар 20 қарашада жауап алады», - деп атап көрсетті Д. Мартинелли.

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание