«Астана» велокомандасы 2011 жылы жас спортшыларға арқа сүйейтін болады — Д. Мартинелли
-
- Views: 3 206.
ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - «Астана» велокомандасының 2011 жылғы саясаты жас спортшыларға бағытталады. Біз дүбірлі бәсекелерде жас спортшыларға арқа сүйейтін боламыз.
Бұл туралы бүгін Қазақстанға іссапармен келген «Астана» велокомандасының спорт директоры Джузеппе Мартинелли журналистерге берген сұхбатында мәлім етті.
«Командада 24 жастағы Роман Кройцигерді атап өтуге болады. Роман өз мансабында жеңіс дәмін татып көрген шабандоз. Сондықтан біздің команда көшбасшылардың қатарында болады деп есептеймін. Сонымен қатар ұжым сапында атақты Александр Винокуров барын ескерейік. «Астана» - жеңіске жете алатын команда болып қалыптасты деп санаймын», - деді Д. Мартинелли.
Чех велошабандозы Роман Кройцигермен қатар, Ресейдің бірнеше мәрте чемпионы Евгений Петров, "Джиро д Италия-2010" кезеңінің жеңімпазы хорваттық Роберт Кисерловски, 2010 жылғы Эстония чемпионы Танел Кангерт, француз Реми Ди Грегорио мен австриялық Саймон Кларк командамен екіжылдық келісімшартқа отырды.
Д. Мартинелли тілшілермен сұхбатында, биылғы жылғы жарыс маусымының соңында командадан кеткен Альберто Контадорсыз ірі турларда жеңу қиынға соғатындығына қарамастан, қазақстандық команда бірінші орындар үшін бәскеге түсуге қабілеті жоғары болатындығын айтты.
«Альберто Контадорды сатып алу ең оңай жол. Ал 2011 жылдың жаңа да сәтті командасын жасақтап шығару қиынның қиыны. Бізде кәсіби спортшылар бар, команданың мақсаты бекем және өзінің стратегиясы жолға қойылған», - дейді итальяндық маман.
Оның айтуынша, келесі жылға дайындық ертеңнен басталады. Алдағы аптада спортшылардың жаттығу жиындары өтпек.
«Астана» жеңістерден құр қалады дейтіндермен келіспеймін. Алдағы уақыттарда да біздің команда биіктен көрінеді», - деп атап көрсетті ол.
-
Related Posts
-
-- enable recent posts plugin --
-
Leave a Reply