«Астана» велоклубының «Тур де Франс» көпкүндігіндегі жеңісіне арналған велошеру өтті
-
- Views: 3 105.
Өткен сенбіде «Астана» велоклубының «Тур де Франс» көпкүндігіндегі жеңісіне орай, бұқаралық велошеру өтті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты «Астана» велоклубының «Тур де Франс» көпкүндігіндегі жеңісіне және Қазақстанда велоспорт түрін дамытуға бағытталған. Шараға спорт мектептерінің тәлімгерлері, сондай-ақ қала тұрғындары, қонақтары қатысты. Велошеруге қатысушылар қаланың Тәуелсіздік алаңынан басталған велошеру Сарайшық, Тұран, Сығанақ көшелерімен жалпы ұзындығы 10 шақырым жолды жүріп өтті.
«Жақында ғана «Тур де Франс» көпкүндігінде біздің елордамыздың атымен аталған «Астана» велокомандасы кезекті рет өзінің әлемдегі мықтылығн дәлелдеді. Тамаша қаламыздың атын жаһанға әйгілетті. Біз бүгін «Астана командасын, сонымен қатар велоспортты және жалпы бұқаралық спортты қолдау үшін жиналдық», дейді Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов.
Іс-шара соңында велошеруде көзге түскен жасөспірімдер бірнеше аталымдар бойынша марапатталып, қала тұрғындарына арналған концерттік бағдарламамен ұласты.
-
Related Posts
-
-- enable recent posts plugin --
-
Leave a Reply