«Астана» велоклубының шабандозы «Австрия турының» жеңімпазы атанды
-
- Views: 2 375.
Велоспорттан шілденің 3-10 күндері өткен "Австрия турында" қазақстандық "Астана" велоклубының швециялық шабандозы Фредрик Кессякофф жеңімпаз атанды. 8 кезеңнен тұратын бұл дүбірлі додада ол 26:59:26 уақыт көрсеткішімен барлық қарсыластарын шаң қаптырып кетті.Мәселен, екінші орын алған чехиялық спортшы Леопольд Кениг («Team NetApp») жеңімпаздан 2,28, ал үздік үштікті түйіндеген испандық Карлос Састре («Geox-TMC») 3,05 секунд артта қалып қойды. Онда Фредрик Кессякоффтың командалас серіктерінен қазақстандық Андрей Мизуров ондықты түйіндеді. Ал испаниялық Хосеп Хуре 20-шы, эстониялық Танел Кангерт 25-ші, австралиялық Симон Кларк 41-ші және қазақстандық Евгений Непомнящий 58-ші, Роман Киреев 101-ші орынға табан тіреді.
Ерлік Ержанұлы
-
Related Posts
-
-- enable recent posts plugin --
-
Leave a Reply