«Астана» ұшып келеді Астанаға

    • Filled in News in Kazakh 10 Декабрь 2010 в 11:49, author: Sake
    • Views: 4 112.

    Жексенбі күні, яғни 12 желтоқсанда «Астана» велоклубы елордаға келеді деп күтілуде.

    Тестовые заезды на новом треке. Автор фото Аскар СУЛТАН - "Казахстанская правда"

    Дүйсенбі күні (13 желтоқсанда) Аста­надағы теңдессіз велотректің ашылу сал­танаты болады. Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев қатысатын бұл шараға шетелде жат­тығу жұмыстарын өткізіп жатқан «Астана» клубы да артынып-тар­тынып келмек. Кеше «Астана» велоклубының баспасөз қызметі «елордаға 25 адам келеді, олар­дың ара­сында велошабандоздар, клуб дирек­тор­лары мен менеджерлері бар» деп ақпарат таратты.

    «Астана» жексенбі күні шамамен кешкі сағат 16:00-де тікелей рейспен (чартер) ел­орда әуежайына келіп табан тіремек. Дүйсенбі күні түсте велотректің ашылу салтанатына қатысып, Елбасымен кезде­седі. Сол күні кешкі сағат 16:00-де «Астана» вело­клубының басшылары мен вело­ша­бан­доздары журналистерге арналған бас­пасөз мәжілісіне қатысады.

    Автор: Айқын ЖАППАР

    Алаш айнасы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание