Астана 2010 тұсаукесері астанафанның көзімен! Тұсаукер рәсімінің алдындағы сұхбат!

    • Filled in News in Kazakh 12 Февраль 2010 в 9:27, author: Sake
    • Views: 3 246.

    Сәлеметсіздерме! Біз астанафанстанбыз, жағдайларыңыз қалай?

    Бізде бәрі жақсы!

    ***************************************************************

    Александр Шеффер

    Команданың қазіргі жағдайы қалай екенін білейік деп едік? Былтырғы жылдағымен айырмашылық сезіледі ме?

    Енді команда 80 пайызға өзгерді ғой, шабандоздар, қызмет етушілер ... бәрі өзгерді! Кезінде көре жатармыз қалай болатынын, әзірше бәрі ойдағыдай! Командалар келесі маусымға шілде айынан бастап дайындала бастайды, ал біз қарашаның аяғында бастадық. Қалай болғанда да бір айдың ішінде команданы жинадық, одан кейін мейрамдарға тап келдік.... Иә, ұйымдастырушылық жағынан қиындықтар жоқ емес әзірше, дегенмен де бәрі қалыпқа келеді, қайткенде де – бастап кеттік қой!

    Ал бүгін құрам толық болады ма?

    Аллан Дэвис болмайды! Ол Австралияда, онда ұшып шығу жағынан мәселелер туындап тұр, оның билеті 29 күніне алынған екен, айырбастай алмадық. Ол енді ғана ұшып шықты, ал ол жақтан ұшып келу өте ұзақ! Ал Скотт осында, ол соңғы 2 күн бойы бізбен бірге Кальпіде болды!

    Ал біз тағы да оқу-жаттықтыру жиын болады деп естідік, ол қайда болады және команданың бәрі болады ма?

    Иә болады! Бірақ команданың бәрі емес! 19 ақпанда 8 адам Тенерифеге кетеді, ол жақта жаттықтырушыларсыз, тек массаж жасаушылар, механиктер және 8 сайыскер ғана болады. Гаспаротто және біздікілердің бәрі!

    Ал біздің жас қазақстандықтар қалай?

    Енді, жиындар бойынша жақсы деуге болды, лайықты көріне білді! Ал Дмитриев болса Австралияда жеңбесе де, көзге түсе білді, шабуылға да шықты. Жігіт екен!

    Ал біздің сайтқа жиі кіресіз бе?

    Иә өте жиі кіремін! Бас кезінде сіздердің сайттарыңызға ешкім кірмейтін сияқты көрінетін, бірнеше жыл бұрын! Одан кейін қарап отырсақ, барлық жерде астанафансқа сілтеме жасайтын болды. Бір рет тіпті сайклингньюзде жаңалық оқып отырсам, астанафансқа сілтеме жасап қойыпты! Ерледіңдер тіптен!

    Ал сізден анда-санда бізбен қызметтес болуға сұрауға болады ма? Біздерге жанкүйерлерге Гвидо Бонтемпидің Даун Андер турынан сайтқа фотографиялар салып тұрғаны ұнады. Немесе біздің сайтта сізбен тікелей чат ашсақ?

    Әрине болады! Неге істемеске

    ***************************************************************

    Дмитрий Седун

    Біз маусымның бірінші жартысында командаға қандай жарыстар белгіленіп тұрғанын білейік деп едік?

    Бессеж жақындап қалды, Жерортатеңізі туры, одан кейін Альгарве және тағы Италияда болатын Laigueglia! Наурызда үш түрлі бағдарлама болады, алғашқысы Мурсия, Париж-Ницца және Тиррено-Адриатико, одан кейін бірінші классика Милан-Сан Ремо, артынша бельгиялық классикалар Панның үш күндігі, Гент-Вевельгем, Фландрия және Париж-Рубэ, бұлардан соң бір апта үзіліс болып, классикалардың екінші бөлімі басталады, ол дегеніміз Амстел Голд Рэйс, Флешь Валлон және Льеж-Бастон-Льеж!

    Ал классикаларда кімдер қатысады?

    Екі Дэвисте классикаларда әрдайым жаман көрінбейтін, сондай-ақ біздің жастарды да тартуға тырысамыз, бізде Дмитриев, Райымбеков, тағы басқалары бар! Вино тек Льеж-Бастон-Льежге ғана қатысатын шығар! Басқаларына қатыспайтын шығар, өйткені бәріне қатыса берсе ....

    ар жағында Джиро бар дейсіз ғой?

    Иә, дәл солай, әзірше жоспарда Джиро тұр, үлкен есеппен алғанда біздің жоспарлағандарымыздың бәрі орындалады. Ал жалпы алғанда команда жайында айтарым, иә, көптеген адамдар кетті, бірақ негізгі ұйытқысы қалды ғой, ол дегеніміз көптеген тәжірибелі сайыскерлер мен техникалық қызмет көрсетушілер бірнеше жыл бойы бірге істеп келеді. Тіптен бірінші жиындардың өзінде, біздің команданың тату екені, және керісінше одан сайын біріге түскені анық байқалды!

    Командаға жаңадан келгендер жайлы не айтасыз? Мысалға, Женя Непомнящий туралы?

    Женя Непомнящийді Әлем чемпионатында көрдім, онымен бірге жаттықтыруда бірге жүрдім!  Жалпы алганда бала жаман емес, көбінесе баспен жұмыс істейді, бірқалыпты, әрқашан жақсы жаттығады, ал жарыстарда аттың басын жіберген кезде көре жатармыз.

    Ал басқалары ше?

    Бізде Тиралонго бар, біз оны бұрыннан білеміз! Ондайлар жайлы – «Көп естігеннен емес, көп көргеннен сұра» дейді! Ол көп жылдар бойы тұрақты қатысып келеді, және биылғы жылы да өзін көрсетеді деп үміттенеміз! Былтырғы жылы оның нәтижелі Вуэльтасы бар, үздік ондықта келіп еді ғой....

    Жарайды, адамдар өтіп жатыр, тұсаукесерде кездесерміз

    Көп рахмет Дмитрий! Тұсаукесерде кездесеміз!

    Шеффер, Мен және Седун

    ***************************************************************

    Оскар Перейро Сио

    Сәлеметсізбе Оскар! Сізді Астанафанс мазалап тұр! Біздің сайт жайлы білесіз бе?

    Аааа, түсінікті! Иә естідім! Сіздердің сайттарыңызға әлі кірген жоқпын, бірақ кіремін!

    Тур Даун Андерден кейін қалыбыңыз қалай?

    Иә біртіндеп өз-өзіме келіп жатырмын!

    Өзіңіздің жаңа командаңыз жайлы не ойлайсыз?

    Бұл дегеніңіз қиял-ғажайып команда, әр түрлі елдерден көптеген әр түрлі сайыскерлер, команда өте тату әрі ұйымшыл! Менің ойымша бізді үлкен жеңістер күтіп тұр!

    Осы жылда қандай мақсат қоясыз?

    Барлық команда Альбертоның айналасында құрылған, және бәрі, мен сияқты, оған Тур Де Франста жеңіске жетуге 100 пайыз жұмыс істейді! Бұл бәріміз үшін жылдың ең бастысы!

    Ал Қазақстандық жастар туралы не айтасыз?

    Иә олар нағыз жігіттер! Тырысады, жұмыс істеуге және жетілуге құлшыныстары бар! Маусымның аяғында олардың мықты болып шыңдала түсетіні қазірдің өзінде белгілі болып тұр.

    Астананың жаңа велосипеді жайлы сіздің ойыңызды білгім келеді?

    4 жыл бойы Пинарелло велосипедтерін тептім, енді міне Спэшэлайзд, иә өте жақсы велосипедтер, маған ұнайды! Бұлармен Тур Де Франсты жеңіп алуға болады!

    Оскар, неше тілде сөйлейсіз?

    Ооооо, испан әрине, италиян, француз, ағылшын және португал!

    Уау, көп екен

    Кешіресің маған бару керек!

    Жақсы Оскар! Сұхбатыңа рахмет!

    ***************************************************************

    Сергей Яковлев!


    Сәлеметсізбе Сергей! Мен Нурболатпын астанафанс.комнан! Біздің сайтты білесіз бе?

    Иә білемін, күн сайын кірмеймін, бірақ кейінгі кезде жиі бас сұғып жүрмін! Мен сіздерді құттықтаймын, сіздердің сайттарыңыз тіптен керемет, барлығы риза!

    Рахмет! Рұқсат болса мен сізге біраз сұрақтар қойсам деп едім?

    Иә әрине!

    Болашақта жарысқа қайтіп оралатын ойыңыз бар ма?

    Жоқ - ә! Мансабымды аяқтағаннан кейін, енді спортқа қайтіп келмеймін деп шештім, міне 2009 жылы спорттан алыс жүрдім, шаруалармен айналыстым, және биыл командаға қызмет етуге ұсыныс түскеннен кейін, бірден келістім, қазір командада әкімшілік жұмыстармен шұғылданамын!

    Сонымен спорттан алыстамаған екенсіз әйтеуір?

    Иә, бірақ қазір тек әкімшілік жұмыстар!

    Астананың жаңарған құрамы жайында не дейсіз?

    Менің ойымша – Астана бұрынғыдай өз деңгейінде! Біздің жастар жөнінде айтатын болсақ, олар өте жақсы балалар, және жылдан жылға алға баса береді деп үміт артамын!

    Биыл бізде 13 қазақстандық бар, бұл дегеніміз команданың жартысы, бұған не дейсіз?

    Командада қазақстандықтардың көп болған жақсы әрине, бірақ қазақстандықтар басқа командаларда да болса, тіптен керемет болар еді!

    Жастардың ішінен кімді атап айтар едіңіз?

    Олардың бәрі жақсы, бәрі деңгейлерінде!

    Жақсы Сергей көп рахмет сізге, сәттілік!

    Сізге де рахмет!

    Утеев Нурболат арнайы Астанафанс үшін!

    интервьюдің тұпнұсқасы мына жерде

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Comments 5 комментариев

  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание