Асан ауруханада жатыр
-
- Views: 3 087.
Бельгия жерінде өтіп жатқан KBC-Driedaagse De Panne-Koksijde көпкүндігі жерлестеріміз үшін аса сәтсіз басталды. Бірінші кезеңде-ақ велосипедінен құлаған саңлағымыз Асан Базаев жарақат алып, жарыс жолынан шығып қалды. Қазір Асан жергілікті ауруханалардың бірінде жатыр. Бейресми ақпарат көздеріне сенсек, құлаған кезде көзәйнегі бетін жырып, мұрны сынған. Жерлесімізге тез арада ота жасалған көрінеді.
Өкінішке қарай, оқиғаның қалайша орын алғаны белгісіз болып отыр. Бірақ бір анығы – бұл көпкүндіктің жолы спортшылар үшін өте күрделі. Жоталы әрі қырлы жолдан тұрады. Сондықтан аталмыш көпкүндікте жарақат алу жайттары жиі кездесіп жатады. Жалпы, KBC-Driedaagse De Panne-Koksijde турнирінің жолы мәртебесі көптеген белді көпкүндіктерден кем түспейтін «Фландрия турына» ұқсас болғандықтан, аталмыш турнирді велошабандоздардың көбісі «Фландрия турына» дайындық ретінде қабылдайды. Ал Базаев «Фландрияны» бағындыруды көздеп жүрген. Аталмыш турнир сәуірдің 4-і күні өтетінін ескерсек, Асан оған дейін жазылып үлгермейтін секілді. Дегенмен егер денсаулығы түзелсе, бір айдан кейін Италия жерінде өтетін «Джиро д’Италия» велокөпкүндігіне міндетті түрде қатысады. Бұл туралы Қазақстан велоспорт федерациясының атқарушы директоры Александр Антышев мәлімдеді.
– Базаев қазір ауруханада жатыр. Денсаулығы аздап оңалған сыңайлы. Көп ұзамай велосипедінің ершігіне қайта отырады деп сенеміз. Ал «Фландрия турына» қатыса ма, жоқ па, оны клуб дәрігерлері шешеді. Дегенмен Асан бізге «Джиро д’Италия» көпкүндігінде өте керек болады. Сол үшін келесі айға дейін жазылып, бабына келуін тілейміз.
– Ал KBC-Driedaagse De Panne-Koksijde көпкүндігінің екінші кезеңінде Максим Иглинский, Валентин Иглинский, Валерий Дмитриев секілді саңлақтар неліктен жарыс жолынан шығып қалды?
– Еш алаңдаудың қажеті жоқ. Бұл жай ғана бапкерлердің тактикасы болуы мүмкін. Өйткені, тағы қайталап айтамын, біз «Джиро д’Италия» көпкүндігіне тыңғылықты дайындалуымыз керек. Ал оған дейін бір айдан сәл ғана асатын уақыт қалды.
P.S. KBC-Driedaagse De Panne-Koksijde көпкүндігінің екінші кезеңінен кейін жалпы есепте «Астананың» украиналық саңлағы Андрей Гривко 2-орынға орналасты. Ол турнир көшбасшысы, итальяндық Лука Паолиниден небәрі
9 секундқа қалып келеді.
-
Related Posts
-
-- enable recent posts plugin --
-
Comments 2 комментария
-
Leave a Reply
Asan tauir bolyp ket!