Андрей Кашечкин «Lampre» командасымен келісім-шартқа қол қойды
-
- Views: 3 446.
Андрей Кашечкин кәсіби велоспортқа қайтып оралды. Қазақстандық шабандоз «Lampre» командасымен келісім-шартқа қол қойды. Шілденің 21-і күні спортшы «Бриксиа Тур» жарысына қатысады. Кашечкин итальяндық велотоптың қатарындағы алғашқы қазақстандық. Естеріңізге сала кетейік, 2007 жылы ол «Астана» командасының сапында өнер көрсетіп жүргенінде допинг қабылдады деп айыпталып, екі жыл спорттан аластатылған болатын. Кашечкин «Lampre» құрамында күзгі испандық «Вуэльтаға» да қатысады деп жоспарланып отыр.
Жігер Әзберген
-
Related Posts
-
-- enable recent posts plugin --
-
Leave a Reply