Алғашқы сынақтан мүдірмей өттік
-
- Views: 2 901.
Францияда бес күнге «Жерорта теңізі» велокөпкүндігі аяқталды. Оған қатысқан «астаналық» жерлесіміз Александр Винокуров қорытынды есепте үздік бестіктің қатарынан орын алса, тағы бір жерлесіміз Максим Иглинский үшінші орынға ие болды.
Естеріңізде болса, осыдан он күн бұрын Франция жерінде «Бессеже жұлдызы» көпкүндігі аяқталып, онда кіші Иглинский, яғни Максимнің інісі Валентин өте жақсы өнер көрсеткен болатын. Тіпті соңғы кезеңде барын салып, мәре сызығын екінші болып қиған. Інісінің сол жетістігі сеп болды ма, Максим: «Жерорта теңізі» көпкүндігінде жеңіске жетем», – деп желпінді. Оған командамыздың капитандарының бірі Александр Винокуров та көмектесуге уәде берді. Алайда бұл турнирге «астаналық» сайыпқырандардан бөлек, испандық Caisse D’epargne командасының көшбасшысы Алехандро Вальверде де қатысқан еді.
Әлбетте, талай жарысты көрген әккі Алехандроны да жеңіп кетуге болар еді, алайда екінші және үшінші кезеңдердегі сәтсіздіктеріміз Вальверденің пайдасына шешілді. Дегенмен бірінші және соңғы кезеңдерде өте тамаша өнер көрсеттік. Соның нәтижесінде, Максим Иглинский жалпы есепте үздік үштіктің қатарынан көрінді.
Бұл турнирдің Александр Винокуров пен Максим Иглинский үшін жылдың алғашқы сынағы екенін ескерсек, Макс та, Вини де сол сынақтан мүдірмей өтті деуге болады.
Александр Винокуров, «Астана» командасының велошабандозы:
– Францияда ауа райы -0 градусты көрсетіп тұрды. Кей жерде қар да жауып жатыр. Сондықтан бар мүмкіндігімізді көрсете алмадық. Дегенмен Иглинскийдің жетістігіне қуаныштымын.
«Жерорта теңізі» көпкүндігінің қорытынды есебі:
1-орын: Алехандро Вальверде (Испания) «Caisse D’epargne» 14:55:17
3-орын: Максим Иглинский (Қазақстан) «Астана» — 0:00:05
5-орын: Александр Винокуров (Испания) «Астана» — 0:00:35Әзиз Жұмаділ
-
Related Posts
-
-- enable recent posts plugin --
-
Leave a Reply