Александр Винокуров — “Жерорта теңізі турының 10” күнделігі
-
- Views: 3 367.
- 14.02.10 – 5 кезең
Cаша: Бүгінгі кезеңде де тағыда ерлер үшін болды! Басынан соңына дейін тек дөңгелетумен болдық, температура 0 градус болып қар борап кетті. Алғашқы таудан кейін төртеуміз қалдық - Макс, мен, Фофо және Гаспа. Димон кейін алға қарай кетіп бізге жақсы жағдай жасады. Соңғы таудан бастадық, италияндықтармен топтан 10-15 секунд шамасында алыстап кеттік. Оныменен соңына дейін ілесе алмай 3 км қалғанда қалып қойдым, ал ол жеңіп кетті. Мәреге 700 м қалғанда Макспен Валверде тобы мені қуып жетіп алып, қасымнан өтіп кеткенді. Макс ертелеу шабуылдағасынба, Вальверде одан озып кетті. Қарап отырсаң Макс бәлкім Вальвердіге есе жіберіп алған болар, бірақ онымен жарысуға болатына көзі жетті.
Менімше – Макс үшінші! Алғашқы бастауды жақсы жүріп өткендей болдық! Енді Тиррено тауларында дайындаламыз!
* “ Осы жылы менім басты үш міндетім тұр: Джиро бәсекесінде жоғарғы орыннан көріну, Альбертоға Турды жеңіп алуына көмектесу, сонымен қатар жас қазақстандық шабандоздарға барынша қолдау көрсетіп тәжірибелерін шыңдау. Шамаларын байқап сенімдерін арттыру болып табылады.” – Александр Винокуров (Караван газеті – 6 номер, 5 ақпан)
13.02.10 - 4 кезең
Біресе тоқтатып, біресе жалғасқан кезең мәресінде көңілді кел жатқан Саша
Тоңдым!
Cаша: Шаршадым, жақсы ұйықтасамда ұйқым қанбады. Бүгінгі кезеңді жүріп өте алмадық, 120 км жүріп өткеннен кейін, жарысты тоқтатты. Алда 50 секунд шамасында үш шабандоздан тұратын топ кетіп бара жатқанды, оңайлықпен қуып жетуге болар еді, бірақ ары қарай жүрмейтінімізді білмегесін жігіттердің жолы болды. Кейін кезең тоқтатылғасын, 40 км шамасындай қарлы жерлерді жүріп өтіп мәре соңына асықпай келдік. Енді ертең баяғыда 2003, 2005 ( Париж-Ницца) жылдарында жеңген Монт-Фарон тауында жарысты аяқтайтын боламыз. Енді Макстты алға шығаратын боламыз: Вальвердіде қазір одан қорқатын болды!
12.02.10 – 3 кезің
Вальверде және Винокуров
Саша: Бүгінгі кезеңді 115 км – 2 сағ. 20 мин жақсы жүріп өттік,. Жарыс басында бірнеше шабуылдар болды, ақырында Вальверде шабуылдап мен соңына ілесе отырып алып екеуміз кете жөнелдік. Пелотоннан 1.30 дейін алыстасақта, түзу жатқан жол бөлігін жүріп өту оңай еместі.
Жер бедері таулы болмағандықтан пелотонға қарсы келе алмадық, бірақ басқаларды біраз уамдатқанымыз рас! Кейін 70 км өткесін Вальвердіні қалдырып кеттім, алайда ол 10 км қарсыласқаннан кейін қайта оралып келді. Одан мәреге жетер кезде топты қуып жетіп алып 7 секунд ұттық. Арине Вальверде мықты! Арғы күні одан озып кету қиын болады! Ертең Макстты ажыратып алға жіберуге тырысамыз. Ниццаға жақындай түсе жарыс соңы– 1.3 км таулық аймақ.
Cаша, киіп жүрген формаларыңыз жылы ма әлде тоңасыздар ма ?
Формамыз жылы болғанымен, күн суытар кезде бәрібір қол аяқтарымыз тоңады.
11.02.10 – 2 кезең
2 кезең, жарыс басталар сәт.
- Саша: Салқын, тоңып қалдық. Бұдан да ауырды көрдік. Қуанышқа орай жаңбыр жоқ, тек қар. Асан алғашқы 15 километрде құлап үлгерді, тізесін соғып алды. Гаспаротто мен Дэвис халі онша емес, қалғандары сау.
Максим мәреге дайындалды, топтын басында болды. Бірақ мәреге 400 метр қалғанда, алғашқы 15 шабандоз жолды шатастырып алды. Сондай да болады. Сондықтан жеңімпаздың бақыты болды деп айтуға болады. Макстың тобына алғашқылардын уақытын берді.
Жағдай солай!
Саша, Н. Проскуриннің орнынан кетуі жайында не ойлайсың?
Арине, Николай Абрамовичтің кететіне менім көңілім бұзылды. Команда үшінде, Қазақстан велоспорты үшінде көп еңбек сіңірген адам. Ардайым сен үшін қуанатын да жақтырмайтын адамдар болады, соның ішінде менім оралуыма да қуанбағандар болғанын сеземін. ҚВФға жаңа команда келді, сол өзгеріспен құрамада өзгеретінін білеміз. Осындай жүйелі болатынын бәрімізде білеміз.
Ал Ивонға келер болсақ, қазір оның кететін жеріде жоқ.
Гаспаротто сырқаттанып қалды.
Салқын болғасын, бір жерде болуға тырысудамыз.
Мәре бітуіне 400 м қалған кезде шабандоздар жол бағытын шатастырып алған сәті... шабандоздар түсініспеушілік жағдайда (оның ішінде Макстта бар)!
10.02.10 – 1 кезең
Жерорта теңізі турының 1 кезеңі
Саша: Бәріне сәлем!
- Бүгін қатты жел (100 км/с жырыстын басында, 54 км/с соңында), сондықтан этапты 20км-ге қықартты. Бұл да жарайды. Ең басынан бастап Вальверденың жігіттері алға шықты. Басты топта 21 адам болды. Соның ішінде Максим екеуміз болдық. Мәреге дейін жарыстық. Соңына дейін бір километр қалғанда, топтан озып шықтық. Бірақ қалғандары қуып жетті, жел қатты болды. Максим үшінші. Гутарович жеңді.
Қазір қонақ үйге бара жатырмыз. 200 км жерде.
-
Related Posts
-
-- enable recent posts plugin --
-
Leave a Reply