Giro del Trentino көпкүндігі: Вини алғашқы кезеңде – үздік…
-
- Views: 2 827.
Александр Винокуров кеше Италияда басталған Giro del Trentino көпкүндігінің алғашқы кезеңінде топ жарды.
Екінші орын италиялық Стефано Гарцеллиге (Acqua & Sapone) бұйырса, алғашқы үштікті тағы бір италиян Маттео Монтагути (De Rosa-Stac Plastic) қорытындылады. Жалпы есепте де қазір Винокуров көш басында
1 кезең: 12.5 шақырымдық жеке сын:
1 Alexandre Vinokourov (Kaz) Astana 0:15:07
2 Stefano Garzelli (Ita) Acqua & Sapone 0:00:16
3 Matteo Montaguti (Ita) De Rosa — Stac Plastic 0:00:18
4 Michele Scarponi (Ita) Androni Giocattoli 0:00:23
5 Piet Rooijakkers (Ned) Skil — Shimano 0:00:25
6 Timon Seubert (Ger) Team Netapp 0:00:27
7 Evgeny Petrov (Rus) Team Katusha 0:00:28
8 Riccardo Ricco’ (Ita) Ceramica Flaminia 0:00:30
9 Alessandro Bertolini (Ita) Androni Giocattoli 0:00:32
10 Jose Rodolfo Serpa Perez (Col) Androni Giocattoli 0:00:32
13 Ivan Basso (Ita) Liquigas-Doimo 0:00:35
14 Mikhail Ignatiev (Rus) Team Katusha 0:00:3815 Tiranlogo Paolo (Ita) Astana 0:00:39
18 Roman Kireyev (Kaz) Astana 0:00:42«Астана» велокомандасының капитаны Александр Винокуров «Джиро де Трентино» веложарысының алғашқы кезеңін жеңіп алды. Винокуров итальяндық Гарда көлінің маңындағы 12,5 шақырымдық қашықтықты 15 минут 7 секундта жүріп өтті. Спортшының бұл жеңісі - өткен жылғы допингтік дисквалификациядан кейінгі төртінші жетістігі.
«Джиро де Трентино» веложарысы сәуірдің 23 күні аяқталады.
Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері жеке сынан өткен жарыста ең үздік нәтиже көрсетті. Сондай-ақ осыдан екі күн бұрын “Ұлттық кубок” жолындағы доданың төртінші кезеңінде топ жарған жас велошабандоз Арман Қамышевтың жеңісін де атап кетсек болады.
"Алаш айнасы"
«Астана» велоклубының саңлағы, жеңілуді білмейтін жерлесіміз Александр Винокуров биылғы жылғы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Италия жерінде өтіп жатқан «Джиро дель Трентино» көпкүндігінің бірінші кезеңінде алдына жан салмаған сайыпқыранымыз көпкүндіктің сары жейдесін киді.
Бірінші кезеңде спортшылар көмбеден жеке-жеке шығып жарысты. Осы 12,5 шақырымға созылған алғашқы кезеңді 15 минут 7 секундта жүріп өткен Вини басты қарсыласы Сефано Гарселлиден 16 секундқа озып кетті. Дегенмен, айта кетейік, Вини де, «Астана» басшылығы да «Джиро дель Трентино» турнирін жеңіп алуды мақсат тұтпайды. Біз үшін бұдан гөрі 25 сәуірде өтетін «Льеж-Бастон-Льеж» біркүндігі мен «Джиро д’Италия» көпкүндігі маңыздырақ. Ал бұл турнир тек дайындық ретінде ғана қарастырылуда. Соған байланысты алдағы кезеңдерде саңлағымыздың жарыс жолынан шығып қалуы ғажап емес. Десек те, қарапайым жанкүйерлер үшін кез келген жарыстың да маңызы зор. Сондықтан Винидің келесі кезеңдерде көсіле шауып, қорытынды есепте жеңіске жетуін тілейміз. Ал бұл үшін оған Паоло Тиралонго, Роман Киреев, Сергей Ренев, Мирко Сильваджи, Болат Райымбеков және Скот Дэвис көмектесетін болады. Бір қуаныштысы, бүгінде итальяндық Паоло Тиралонго мен жерлесіміз Роман Киреев нағыз бабында секілді. Олай дейтініміз – көмбеден велошабандоздарды жеке-жеке жіберу кезеңінде Паоло 15-орыннан көрінсе, Роман мәре сызығын 18-інші болып қиды. Алда енді үш кезең қалды. Егер Винокуров бірінші кезеңдегідей жігерлілік танытатын болса, қорытынды есепте көш басынан көрінуі әбден мүмкін.
Александр Винокуров,
«Астана» велоклубының велошабандозы:
– Жарыс жолынан ерте шығам ба, әлде соңына дейін жеңіске таласам ба – ол жағын спорттық көңіл күйіме қарай шешемін. Бірақ, бір анығы, «Джиро дель Трентинода» соңына дейін қалар болсам, соңғы кезеңді бірқалыпты жүріп өтемін. Өйткені алда келе жатқан маңызды турнирлердің алдында шаршап қалмауым керек.Арсен Жанаділ
ТРК "Қазақстан"
Александр Винокуров «Джиро дель Трентино» көпкүндігінің бастамасында мәреге бірінші келді
Отандық велоспорт майталманы Александр Винокуров «Джиро дель Трентино» көпкүндігінің бастамасында мәреге бірінші келді. Ол 12 жарым шақырымды 15 минут 7 секундта бағындырды. Винокуров екінші орындағы Стефан Гарцеллиден бақандай 16 секундқа озды. Ал үштікке іліккен Маттео Монтагутиден жерлесіміз 18 секундқа жылдам болды. Бұл Александрдың үлкен спортқа қайта оралғандағы 4-ші жеңісі болып табылады. Көшбасшы жейдесін киген ол журналистерге берген сұхбатында – жарысты осы деммен жалғасытруға дайын екендігін жеткізді.
Асылхан Өмірбекұлы
-
Related Posts
-
-- enable recent posts plugin --
-
Comments (1)
-
Leave a Reply
Виноның баяғы күндері қайта оралып келеді! Жарайсың!