Альберто Контадор жеңіп алды

    • Filled in News in Kazakh 20 Апрель 2010 в 12:22, author: Sake
    • Views: 2 989.

    Photo by Kahane

    Альберто Контадор Вуэльта велобәйгесін жеңіп алды. Астана серкесінің осы маусымдағы бұл үшінші жеңісі. Жарыстың соңғы кезеңінде Контадор мәреге жалпы топпен бірге келді. Алайда сенбі күнгі кезеңдегі жеңісі, жалпы есепте топ бастауға жеткілікті болды. Айта кетейік, «Астана» командасының капитаны Кастилья және Леон турын 2007-ші 2008-шы жылдары ұтып алған болатын. Енді Контадор осы жексенбі күні басталатын «Льеж-Бастон-Льеж» бәсекесіне қатысады. Ол додада өз отандасыз Александр Винокуров та бақ сынайды.

    Жігер Әзберген

    «Астана» велокомандасының серкесі Альберто Контадор биылғы маусымдағы үшінші жеңісіне қол жеткізді

    «Астана» велокомандасының шабандозы Энрико Гаспоротто «Amstel Gold Race» біркүндік сайысында үздіктер үштігін түйіндеп, жеңіс тұғырын Филипп Жильбер және Райдер Хьесдальмен бөлісті. 250 шақырымдық қашықтықта Гаспоротто жеңімпаз Жильберден небары 2 секундқа кешікті. Ал «Астана» велокомандасының серкесі Альберто Контадор биылғы маусымдағы үшінші жеңісіне қол жеткізді. Ол «Кастильо Леон Тур» велокөпкүндігінің соңғы 5-ші кезеңінде мәреге пелотон ортасында келді. Алайда Контадор алдыңғы кезеңдегі жеке жарыста көшбасшы Игорь Антоннан 41 секундқа озып, басымдылықты өз жағына аударған болатын. Ал жалпы есептің 3-ші орнына Контадордан 1 минут 20 секундқа кешіккен Эзекель Москуэра орналасты.

    Асылхан Өмірбекұлы

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание