«Париж-Ницца» велокөпкүндігінің 2 дүркін жеңімпазы

    • Filled in News in Kazakh 16 Март 2010 в 4:15, author: Sake
    • Views: 2 730.

    Photo: © Riccardo Scanferla

    Тиррено Адриатико» велобәйгесінің 5-ші кезеңінде Энрико Гаспаротто спринтерлік сайыста алдына жан салмаса, осы кезеңде мәре сызығын үшінші кескен Максим Иглинский жалпы есепте де үздіктер үштігін түйіндеп отыр.

    Қазақстан велоклубының Италиядағы қуанышы Францияда ұласты. Команда капитаны Альберто Контадор «Париж-Ницца» велокөпкүндігінің 2 дүркін жеңімпазы атанды.

    Photo: © AFP Photo

    Ол соңғы 7-ші кезеңде пелотонның бел ортасында жүріп отырды. Басты бәсекелесі Алехандро Вальвердені үнемі назарда ұстаған Контадор оған өзінен алысқа ұзауға мұрша бермеді. Нәтижесінде Алехандро Альбертомен уақыт айырмашылығын бар болғаны 3 секундқа қысқартып, 2-ші орыннан көрінді. Ал оның командалық әріптесі Луис Леон Санчес Роман Кройцигерден 1 секундқа озып, 3-ші орынға қол жеткізді. Сол арқылы, «Кас де Парнь» спортшысы жаңадан жарияланған әлемдік велошабандоздар рейтингінде көш бастады. Ал Альберто Контадор 107 ұпайымен бұл тізімде әзірге үшінші.

    Асылхан Өмірбекұлы

    ТРК Қазақстан

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание