Альберто Контадор мәре сызығын төртінші болып кесті
-
- Views: 3 467.
Париж-Ницца велокөпкүндігінің бастамасында Астана командасының капитаны Альберто Контадор мәре сызығын 4-ші болып кесті.
Ол 8 шақырымдық жекелеген жарыстың жеңімпазы «Рабобанк» шабандозы Ларс Бумнан 6 секундқа кешікті. Екінші орынға «Саксо Банк» спортшысы Йенс Войт орналасты. Ал үздіктер үштігін былтырғы «Астана», биылғы «Радио Шак» мүшесі америкалық Леви Лайфаймер түйіндеді. Контадордың да уақыты Лайфаймермен бірдей. Испан спортшысы 8 шақырымды 11 минут 2 секундта бағындырды. Енді бүгін шабандоздар жарыстың бірінші кезеңіндегі 203 шақырымға жарысады.
Асылхан Өмірбекұлы
-
Related Posts
-
-- enable recent posts plugin --
-
Leave a Reply