«Аламанға» аттай бір жыл толды

    • Filled in News in Kazakh 18 Ноябрь 2010 в 4:49, author: Sake
    • Views: 2 663.

    Осыдан бір жыл бұрын қазақ журналистикасының бір жыртығы жамалып, қазақ тілінде тұңғыш спорттық портал ашылған еді. «Аламан» (www.alaman.kz) деп аталатын бұл электронды басылым бар жоғы бір жыл ішінде ақпарат айдынында өзіндік беделге ие болды. 2009 жылы қараша айында ашылған «Аламан» қазір еліміздегі ең үздік 5 спорттық сайттардың қатарына енеді. Порталдың 7 облыста және Алматы мен Астана қалаларында меншікті тілшілері бар. Сондай-ақ сайтты безендіріп, көркемдеп отыратын веб дизайнерлеріміз бен веб суретшілер де қатарда. Ашылғанына небәрі бір жыл болса да «Аламанға» күніне 700 астам оқырман енеді. Айта кетер бір жайт, Ванкувердегі қысқы Олимпиада ойындарында сайтқа бір уақытта 4000 астам оқырман еніпті. Бұл «Аламанның» өзіндік рекорды. Ал жалпы алғанда осы уақытқа дейін (1 жылдың ішінде) 1 миллион 648 мың оқырман сайтқа қонақ болған. «Аламан» әлемдік ірі сындардан өз оқырмандарына онлайн көрсетілімдерді жиі ұсынып келеді. Мәселен, футболдан Қазақстан чемпионатының ойындары мен ауыр атлетикадан Түркияда өткен әлем біріншілігінен тікелей таза қазақ тілінде онлайн көрсетілім ұсынды. Бұл да бұрын соңды қазақ спорт журналистикасында болмаған жайт. Қазір «Аламан» елімізде өтер 7 қысқы Азия ойындарына қызу дайындық жүргізуде. Азиада кезінде портал спорттық сындардан тек ақпарат таратып қана қоймай, жарыс өтіп жатқан жерден таза қазақ тілінде тікелей онлайн көрсетілім ұсынуды жоспарлап отыр. «Аламанды» тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ алыс жақын Қытай, Ресей, АҚШ, Англия, Швеция, Испания, Катар, Польша, Норвегия, Корея, Австралия елдерінде де тұрақты оқырмандары бар. Міне, қазақ оқырмандарын тұрақты және уақтылы ақпараттармен сусындатып отырған «Аламанның» аяқ алысы осындай. Алдағы уақытта да «Аламанның» ұжымына шығармашылық табыстар тілейміз.

    today.kz

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание