Якопо Гуарниери жеңісті уысынан шығарып алды.

    • Filled in News in Kazakh 28 Март 2012 в 12:09, author: Dina Iskakova
    • Views: 2 849.

    Команда Driedaagse De Panne додасының бірінші кезеңінде  тамаша өнер көрсетті.

    Якопо Гуарниери, Словакия саңлағы Саганды алға жіберіп,  Де Панна үш күндігінің алғашқы кезеңінде мәреге екінші келді.  Негізгі топтан ұзап кеткен басқа төрт шабандозбен біраз уақыт бірге болған  Гуарниери мәредегі мүмкіндіктерін ұтымды пайдалана білді. Шабандоздар тобының қуып жеткеніне қарамастан, Якопо алға ұмтылып, спринтте  фотофиниш көмегімен  анықталған мәртебелі екінші орынға ие болды.  Ал команда бір мақсатқа жұмыла кірісіп, ұйымшылдық танытты. Әсіресе, Понци мен Муравьевті ерекше атап өтуге болады.    

     Pro Team Astana спорттық директоры Гуидо Бонтемпи  кезең қорытындысына бағасын берді: “Алдымызды орап кеткен, бізден жүйрік шабандоздың жолы болып кетті.  Әрине,  Якопоның шығандап кету барысында көп күш жұмсап қойғанын жоққа шығара алмаймыз. Көңілі түскені де рас, бірақ оның есе қайтаруға бел буып отырған жағдайы бар.   Понци, Гуарниери, Базаев пен  Муравьевтің көмегімен жарыс барысына  өз қалауымызша  әсер етіп отырдық. Бұған  мәреге жалғыз келуді діттеген соңғы шабуылымызды да қосыңыз.   Мақсат орындалмайтыны  белгілі болғанда,  мәрелік спринт алдында топтасуға күш салдық.  Алдында айтып өткендей Гуарниери жеңіске жақын болатын. Команданың көрсеткен жетістігі  біздің босқа тер төкпегеніміздің дәлелі.  Командының жеңіске деген жігері оянды,  табысты болуымыз тек өзімізге байланысты.  Екінші кезеңде  жеңіс үшін аянбай тер төгеміз!”

     "Pro Team Astana" баспасөз- релизінен

     

     

     

     

  • Related Posts

      -- enable recent posts plugin --
  • Leave a Reply

    Анти-спам: выполните задание